Сау дене, азат ақыл, адал көңіл –
Үшеуімен бақытты болады өмір.
Шығыс нақылы.
Ноmо Sаріеns өмірге келгеннен бері миллиондаған жылдар өткендігі белгілі. Алайда, қазіргі заман қиындықтарының басты себептеріне адам санасыныц заттық әрекетінің нәтижесінің оның болмысына тигізетін орасан зор ықпалына ие бола алмауы жатканын байқауға болады. Заттық санаға шектеу ретінде сананың адами биіктігінен, яғни экзистенциалды, әлбетте рухтық болмыс тұғырынан пайымдау жасалмаса адам табиғатындағы деградациалану деңгейі қазіргі адамдардьщ рухсыздығына алып келетіндгі ақиқат. Мұхамеджан Қаратаев (2000) айтқан бір әпсанада: «Бірде Адам-Ата Қүдай-Тағаладан: – Бәріне бердің. Енді сен маған бер, – депті. Сонда Қүдай-Тағала: – Әй, мен сені он сегіз мың ғаламньщ иесі қыльш жараттым. Оған қоса ақыл-парасат бергенді былай қойғанда, тіпті қабырғаңнан қатын да жасап бердім. Енді бір бақытгы өзің таба алмасаң, несіне адам болып жүрсің, – деп жауап берген көрінеді. – Ендеше, нені бақ санайсың, ол байлық па, тақ па, не жар, не болашақ ұрпағың бала-шаға ма? Өзіңді тауып ал. Міне, бар мәселе осында. Бақ деген қазақтың қара тілімен айтқаңда – қанағат. Алдымен ол өз еңбегіңс қанағат. Айта берді, жаратқан иең көрсеткен жарығы мен заманына қанағат. Әйтпесе, мынау бақыт, анау бақ деп, олардың башпайынан ұстаған ешкім жоқ. Өзіңді-өзің іштей тазалап, ар-ожданыңды таразыға салып отырсаң, сол қанағат, жоғарыдай нәрселерден құралатын ұғым»,- деген екен. Заманымыздың данагөйінің осы ойларының этногенез проблемасының көшбасшысы Л.Н.Гумилевтің жекелеген адамдар болмысын пассионарлы- аттративтік жүйемен саралау припциптеріндегі қағидаттарымен ұштасып жатуы тегіннен-тегін болмаса керек. Л.Н.Гумилевтің пайымдауынша адам бойындағы аттративтік импульстар (талпыныстар) оның бойындағы эгоистік (өзін-өзі қорғау) талпыныстармен тең болса, ондай адамдар сыртқы болмысты болжайтын гармонизацияланған тұлғаға (өздігінен дамитын тұлға), ал кем болса, өзінше болжайтын тұлғаға (ғылыми тұлға), одан әрі өзіне-өзі сүйсінетін тұлғаға (бірақ қорқау емес), соңынан өзін-өзі сүйетін тұлғаға (авантюрист), одан әрі өзін ғана сүйетін немесе эгоист (кеудесіне нан піскен, қасқыр іспеттес) тұлғаға айналатындығы тарихи-гносеологиялық мәмілелермен айқындалады. Егер адам бойындағы аттративтік талпыныстар үстем болса, ол белгілі бір идеяға байланысты өзіндік менімен бой тартады (мысалы, Жанна Д’Арк). Бұл, әрине, адам Дон-Кихот сияқты таза жүрек, ақ ниетгі болса, аса қорқынышты болмағанмен, түбі жалған көріпкелдікпен, түпсіз жалғандық елеске алып баруы ықтимал. Таза сана туралы түсінік әзірге белгісіз болғандықтан, өз меніңнен бас тарту болмыстағы орныңды айқындаудан ажыратуы мүмкін екендігін ескерген абзал.
Ғасырлар ағымында адам деген асқаралы ұғымның өзі рух табиғатымен тікелей байланысты екендігі белгілі. Рух деңгейі адам болмысын адамиландыратын өлшем. Сондықтан да халқымыз – «Нәпсіден рухты жоғары қоя білген адам – әулие»,- деген тұжырым жасаған. Пенденің руханн болмысы Тәңір әлемінде қалыптасып, ақпараттық жолменен берілетіндігі ақиқат. Осы ақпарат жекелеген адамдардың гепетикалық кодымен қауышу арқылы адам табиғатының темпераментіне, ойлау жүйесіне, төзімі мен қажырына, қызыл тілдідігі, есі, ішкі сезімі (интуиция), көпшілдгі мен еркіне, рухы тағы басқадай ерекшеліктеріне белгілі бір дәрежеде ықпал ететіндігі дәлелденген ақиқат және ол оның өмірі мен қызметіне ықпал етеді.
Туылмаған бала табиғатындағы аталмыш космостық ақпараттық-энергетикалық байланыс ананың болмысына, әсіресе оның жүктілігінің екінші жартысындағы мерзім кезінде, ерекше әсер етеді. Осы мерзім ішінде ананың тірішлігінің ерекше көтерілуі, оның творчестволық ахуалының артуы мен интуитивтік ойының (сезімінің) қарқындауы оның өлең, музыка жазып немесе сурет салу сияқты творчестволық іс-әрекеттерінің артуынан көруге болады. Осының барлығы әзірге көрінбейтіи болашақ ақын, композотор немесе суретшілердің космоспен үйлесуінің бастапқы тетіктері екеңдігін айту абзал. Қазақтың «жерік» ұғымындагы кейбір себепсіз талаптардың пайда болуында осы космостық байланыстың қалыптасуы нышандары деп ұққан дұрыс болар. Осы ойды белгілі орыс ақыны Н.Заболоцкий төменгі өлең жолдарында тамаша жазьш, дәл баяндаған:
Объясняем: женщин брюхо,
Очень сложное на взгляд.
Состоит жилищем духа,
Девять месяцев подряд.
Мұны қазақшаласақ:
Түсінейік: әйелдердің қарыны –
Көрер көзге күрделі.
Рухтың ол жатыны,
Тоғыз айлық, іргелі.
(Мен).
Демек, ақын ойы сәби (періште) жаратушы мен адамдар арасын үйлестіруші, рухани тазатықтың, ашықтықтың, сенімділіктің. қайырымдылық пен жүректіліктің айнасы дегенге саяды. Алла жөнімен айтсақ – пікірлестіруші періште. О.Сүлейменовтің жүйесімен бағдарласақ, бұл қатынастар «ішкі және сыртқы сөздер» немесе ой-сана және оның сөздік түрлерінің негізін зерттейтін логика ілімінің пұшпағы болып табылса керск. Ал, ой болс,а өткен өзгерістердің болашақпен әрекеттесетін қазіргі деңгейі екені белгілі. Жекелеген адамдардың ойлау деңгейі тұлғалық, кейіннен қоғамдық сананың молскулалары існеттігін ескерсек, сана болмысы адам болмысының негізінде өрбіп, өзінің де адам болмысына әсер етстіндігіне көз жеткізуге болады. Сана болмысы өзінің «онтогенезінде» адам болмысының өрбу эволюциясының барлык қырларын қайталайтындықтан, жаратушы мен адамдар арасының үйлестіруші механизмдерінің ерекшеліктерін адами тіршілік қағидаттармен ұштастыратындыктан адамдардың руханияттың зергеріне айнала алмай тұрып, діни нарықтарды, оның ішінде имандылықты сөз қылуына ұрьшдырады. Адам әрекетінің жүзден тоқсан тоғыз пайызының әдет бойынша жасалатынын ескерсек (Ж.Аймаутатов), қай адам болмасын өз бойын ұдайы һәм ұқыпты тексеріп тұрмаса, тұлға ретіндегі ұлык және кішік сипаттарын, құлықтық көзқарасын, тақылет-тәрбиесін, автономды салт-санасын, мәдени өріс-қонысын жіті зерделеп және осы зерделенгеннен тағылымдық-тұрмыстық ғибрат алып отырмаса сана болмысының траекториясы негізсізденіп, асқына келе жалған танымдык негізге айналып кетеді. Бұл тұрғыда жаратушының жарасымдылық жарасымын санамызда сапалы түрде калыптастырудың мәні оте зор және мұны философиялык және физиологнялык дауалау принципі деп ұққан абзал. Осынау сананы дауалау принциптерін игеруде семьяның ролі ерекше және оны ең жоғарғы космобиоценоз деп ұққан абзал. ІІІындығында, әйел мен еркектің, материя мен рухтың, ана меп атаның үйлесуі жаратылыстың негізгі заңы екендігі дәлелдеуді керек етпейтін ақиқаг. Философ Б.А.Флоренскийдің пайымдауынша сүйіскен жандардың арасында өзімдік жанасым қалыптасып, олардың әрқайсысы осы жанасымнан өзін көріп, өзінің интимдік болмысын, өзінің өзінен аумайтын, басқадағы менін табатынын, сүйіскен жандардың өзінен алыстаған сайын өзінікіне жақындасып, өз менін өзінде өлтіргенмен, өз жарасымынан өзін табады, олар екі жарты бір бүтінге айналады. Шын мәніндегі осындай рухани үйлесім ғана космостық құқық тұрғысынан заңды неке болып табылады.
Индиялықтардың дидактикалық трактаттарында шынайы ғашықтық тәнге, жанға және ақыл сияқты үш түрлі ынтызарлықтан құралып, сезім, достық және сыйластық бастамаларына алып келетіндігі н айтылады. Демек, бұл айтылған ойлар жекелеген адамдардың ақыл және сана болмыстарының космобиологиялық диалектикасының генезін аялаудағы маңызна назар аудартып қана қоймайды, сонымен қатар, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу механизмдерін де ойластыруды қажет етеді. Адамзаттың тарихи танымында мұндай әрекеттер қалыптасқан, өкінішке орай замана дүрбелеңдерінің ықпалымен ел, ұлт, тұлға санасында көмескіленуі өкініш тудырады. Діни ілімдерде: «Егер өз балаң болсын десең, оң жақтағы қызға үйленіп, ұрпағыңның тазалығын сақта», – делінген. Басқаша айтқанда, ұрпақтың рухани атасы ұрпақты жаратқан еркек емес, әйелдің алғашқы қосағы. Бұл организмнің алғашқы қосақ туралы ақпаратты қабылдау, сақтау және болашақ ұрпаққа жеткізу қабілеті. Қағида сан рет ғылыми зерттеулер және адами тәжірибелер арқылы дәлелденген. Кейбір көне тайпаларда, қазіргі «цивильді» ұрпақтармен салыстырғанда қыз намысын қолына қару алып қорғау салты қалытасқандығы ерекше назар аударады және таң қалдырады. Мұны біз текті аналық жылқыға көлденең жабыдан айғыр салғызбайтын малсақ бабаларымыздың да тәжірибесінен аңғарамыз. Мұндай телегониялық ереже барлық тіршілік иелерінде кездеседі, әсіресе, адамдар тәжірибесінде көп байқалады. Мысалы, славян қызының орыс жігітінен жүкті болғанына қарамастан оның алғашқы қосағы негр болғандықтан, үмітіне қарамастан негр текті бала туылған. Мұны адам мен тәңір арасындағы үйлестіруші сәбидің биологиялық болмысының биокосмостық үйлесімінің қарғысына ұшырауы десек, жекелеген тұлғалардың физиологиялық механизмдерінің жалпыкосмостық заңдылықтар алдында дәрменсіз екендігін көрсетеді. Бұдан біз тіршілік деген алуан түрліліктің негізінде бірліктің жатқандығын көреміз және биологиялық болмыс пен сана болмысының арасындағы қайшылықтардың адам табиғатының түп қазығындағы биологиялық және әлеуметтік тұғырлардың табиғи тектілік ақпаратына қаяу келтіретіндігіне көз жеткіземіз. Адамзат өркениетінің өн бойында адам болмысы мен сапа болмысының қауышгуы адамдардың «жақсы» мен «жаманды» ажыратуы арқылы әлем жарастығын ұғуға деген ұмтылыстарының нәтижесі. Мұны ұқпау адам еркіндігін шектейді, ал өліара ойлау оны екі есе шектейді. Әлбетте, еркіндік дегеніміз еркіңе ырық бер емес, керсінше, еркіңді билеп алу, еркіңді тежеп-тізгіндеп ұстай білу (Әбудәуіт), адам болмысы мен сана болмысының космобиологиялық үйлесім кеңістігінде және соның ығылымында қауышу (Мен).
Жан дүниеңнің бақытты күй кешер екі сәті бар: біріншісі – рух байсалдылығы (ар тазалығы), екіншісі – жүрекгің әманда шаттана бақытты сезінуі. Мұның біріншісіне адам өзінің ештеңеге күнәсіздігін, әрі бұл дүние игілігінің түкке тұрмайтындығын айқын сезінген жағдайда жетуге болады, екіншісі – табиғат сыйы.
Мақаланың ғылыми сонылығы орынды мәселе. Әйтсе де, жоғарыда айтылған ойларға байланысты ізді және ізденісті жоғалтып алуымыздың, айтпасқа болмайтын көптеген себептері де баршылық. Соның барлығы болмасаида, адам деген ардақты атқа ылайықсыздыққа неге душар болдық деген сауалға орай тарих ғылымдарының докторы Секен Доржиевтің (Ақиқат,1996) пайымдауларын келтіре кетуді жөн көрдік. Сонымен, осындай ылайықсыз халге әкелген себептерді сауалдасақ: біріншіден – номенклатурада жоқ кісілер қойға немесе басқа жануарларға теңелді; екіншіден – ақтың ішінде қара, өтіріктің ішінде әділдік…, дұрыс, жан-жақты ойлау қабілетімізді жойды; үшіншіден – туған күнімізден өлгенге дейін мемлекеттің бақылауында, «қамқорлығында» болдық; төртіншіден – бастықтар, академик, профессорлардың жазуымен сөйледі, қара халық та солай; бесінші – тек қана «мемлекеттік» мүддені ойладық; кітап жазсақ, жаңалық ашсақ Маркс, Ленин, бас хатшы, президенттерді негізге алдық; алтыншыдан – ішкі дүниең нені қалап тұр, онда шаруаң болмады, бастық, көсемдердің айтқанын жаздың; жетіншіден – әйеліңмен айырлысу үшін парткомның ұлықсаты керек; сегізіншіден – өлсең жаназа шығарылмады, құран оқылмады, бала суддеттелмеді (егер фимоз, парафимоз болмаса); тоғызыншыдан – құбыламыз – Кремль, астанамыз – Мәскеу, қағбамыз – Ленининің мавзолейі; оныншыдан – Институт, Университет, Академия адам емес, маман дайындады және он біріншіден – өркениетті елдер адамнан Адам іздеп тауып жетісіп жатса, біз кісіден «жау», жауыздық іздедік. Келтірілген пайымдаулардың көпшілігі қоғамтану, тарих ғылымдарына етене болғанмен, сана онтогенезінің дамуына ықпал еткендігі күмән тудырмайды. Шынымен де, сана болмысы – адам болмысы!
Профессор Н.Мырзаханов.