Ағаммен, Қазақстан Республпкасының Премьер-министрі, ол кезде Павлодар өңірінің әкімі Даниял Кенжетайұлы Ахметовтың ұйымдастырған, академик ағамыздың 80-жылдық мерейтойына арналған шеруде кездестім. Ертегінің батырларындай бой мен ойдың мүсіні, ұзақ мерзім бойында қалыптасқан жүректілік пен ысырапсыздық мәдениеттің шыңы, заңғарлық пен
қарапайымдылықтың өзі іспетті, өте жылы таңданыс пен ынтызарлықтың шырағын жаққан еді. Әлбетте, бұл кездесу Әбілқас аға туралы ізденіс пен ұмтылыстардың бастамасы еді. Келе-келе Әбекеңнің казақ зиялылары аталатын қара шаңырақтың бел баласы, ұлттық санамыздың ерекше іргетасы екендігіне көз жеткіздім. Елінің әрі ері, әрі құлы бола білу, халқының рухани болмысының өлшеміне айналу, өр пенденің басына қонбайтьш бақыт. Ал біз айтып отырған Әбекең осы азаматтық тұғырға көтерілген, бүгінгі таңда халқының ақылгөй абызына, жастарының намысына айналғае азамат. Әбекеңнің өмір жолы – халқының басынан өткерген қуанышы мен азабы, жетістіктері мен жеңілістері, бүгіні мен болашағы. Өзінің өмір жолын Қарағанды топырағында 1932 жылы он жеті жастағы бозбала күйінен бастаған Әбекең туралы ой-толғаныстар, мақалалар, көлемді ғылыми еңбектер баршылық. Ал менің осы мақаламдағы әңгіме Әбекең дәрістері, Әбекең ойлары, Әбекең парасаттары төнірегінде жалғаспақ. Оған себеп біреу-ақ. Ол мынау ғаламды Абыз деп аталатын шамшырақ қарттар нұрландырып тұрмаса, оны түнек тұмшалап кетеді-ау деген қағидадан туған ішкі сезім. Сонымен, Әбекең бізге не днйді?
Ол өткенді сыйла, еліңді еліңнің саңлақтары арқылы сыйла деп ой салады. Олай болса, еліміздің тарихи жетістіктеріне ойшыл көзбен қарауды, халқымыздың аяулы азаматтарының тағдырына тәу етугс шақырады. Тағы да ол болашақ қоғамның байлығы оның білім дәрежесінің дамуына тікелей байланысты екенін ескертеді. Бүгінде әр он мың адамға шаққанда студенттер сапасының Қазақстанда – 167, Албанияда – 147, Италияда – 145, Пәкістанда – 23, Америка Құрама Штаттарында – 215 адамға тең келетіндігімен мақтанса, өзекті білімді нарықтық қатынасқа көшіру жолдарына, ғылымдағы жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар қатынасының даму үрдісіне ұлағатгт зердемен қарау керектігіне алаңдайды. Тағы бірде ол зиялылырдың бойында ғылыми үрдіс пен адами үрдіс қағидаларының арақатынасының құстың қос қанатындай болуын меңзейді. Білім есігінің барлық қабілетті адамға ашық болуын қамтамасыз етуді өтінеді. Ол өзі қолымен құрысқан Қазақстан ғылымы шаңырағының биік болуын, ғылымдағы табыстарымыз тек қана кешегі күндердің «жұлдызды сәттері» болып қалмауға ерекше толғаныспен ескертеді. Қазіргі заманның зиялы топтарының үлес салмағы мен сапасының озон қабатындай нәзік екендігіне назар аударады. Ғалым мен ғылымның туған халқының өгей ұлы болып кетпеуіне, оның қалыптасу баспалдақтарының отбасы мен мектептерге тікелей байланысты екенін, ғалым мен мұғалімнің ақыл, зер және тәрбие деңгейінің таза болуын қалайды.
Қоғамымызда «ас ішіп, аяқ босататын» немесе «ғайыптан байитын» топтардың көбеюіне жол бермеуге шақырады. Өмір қайығының жедел кадамына төтеп беретін, салиқалы жастар бірлестігінің қалыптасып, ғасырлар дүбірінде еліміздің алдыңғы қатардан орып алуға үлес қосуларын сұрайды. Осы айтылған дәрістер, ой мен парасат Әбекеңнің пенделік ақылгөйлігінен емсс, оның болмысына тән басқаларға істеуге кеңес берген нәрселерін өзі істегендіктен, ешқашанда әділдікке қарсы шықпайтындықтан және өз айналасындағы адамдардың осалдығын шыдамдылықпен көтергендіктен туған кеңестер. Қорыта келгенде, әдеттегі нәрседен кереметті көру Әбекең даналығының бұлжымас белгісі. Осындай абызы бар халық, бақытты халық. Мен де соның бірімін. Сексеніңіз торқалы той, телегей теңіз-ой мейрамына ұлассын, Әбеке!
Аминь!
Профессор Н.Мырзаханов.