Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің биология және география факультетінің зоология кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының озаты, Президент стипендиясының иегері Нұркен Мырзаханов көптеген ғылыми бағдарламалардың жетекшісі, «Бейімделу физиологиясы және лимфотроптық коррекция» лабораториясының басқарушысы, болашақ мамандардың магистрлік және кандидаттық диссертацияларына басшылық етеді. Ол жүздеген ғылыми мақалалардың, монографиялар мен оқулықтардың және оқу құралдарының авторы. Бүгін біз мақаламызда автордың кәсіптік бағдар, оның ішінде биологиялық таным және болашақ туралы ойларымен таныстырамыз. Автордың тұжырымы: қай мамандық иесі болмасын өзін-өзі танымай, яғни биологиялық таным дейгейін өзгертпей, жаңа заман технологияларын игеру, табысты және салауатты еңбек пен өмір хикаяттарын ізгілендіруде қалаусыз қиындықтарға тап болатындығын мойындау парыз екендігін ескертеді.

Тілші: Құрметті Нұркен Мырзаханұлы! Жалпы, биология ғылымы дегеніміз не және оның пәрмені неде деп ойлайсыз?

Респондент: «Өз ұлты үшін отқа да, суға да түсуге белін байлаған адам өз басы пайдасын ұмытса да, ұлтына қатысты мәселелердің ең елеусізінің өзін бір сәт естен шығармауы тиіс», – дейді түрік ғалымы, теолог Ф.Гулен. Шындығында да, біздің қазір дамып келе жатқан Қазақ қоғамының ең бір «елеусіз» мәселелері ұлтымыздың денсаулығы екендігі ешкімді де бейжай қалдырмаса керек. Мен бұл жерде әрі тән, әрі рух салауаты туралы айтып отырмын. Ал биологияға келсек, ол бүкіл ғаламның, оның ішінде адамдардың да өзара гармонияда, мамыражай өмір сүріп, тіршілік етуінің қағидаттарын тек қана «себеп-салдар» емес, «себеп-салдар-себеп», « салдар-себеп-салдар», т.т.,  көпжақты тұрғыдан зерттейтін ғылымдарға жатады. Демек, биологиялық қағидаттарды дұрыс немесе бұрыс игеру адамзат кешінің перспективасын өрлетуге немесе құрдымға жіберуге пәрменді екендігін ұмытпаған абзал. Әлбетте, биологиялық тосылыстар, көбінекей, тіпті барлық жағдайда да кенеттен емес, мысқалдап кіріп, батпандап шықпай да қалуы ықтимал екендігін ескеру абзал. Ал мұндай тосылыстар теориясын зерттейтін ғалымдардың болжамы (және ол күннен-күнге дәлелдену үстінде) бойынша биологиялық гармониялар үрдісі белгілі бір шектеуден асқан соң катастрофалық шапшаңдықпен жүріп, сол қатынастарды құрайтын объектілердің (жекешеліктердің) құруына алып келеді. Және де бұл үрдіс қайта қалпына келмейді. Мысалы, жер бетінен құрып кеткен тіршілік иелерінің қайта пайда болу мүмкіндігінің жоқ екендігі әркімге белгілі. Рухани  тән гармониясына да келетін осындай тосын катастрофалардың да концептуалды негізі осы іспеттес. «Батыр екендігіңді білейін, құлаған қайыңды тірілтіп көрші», – деген О.Бөкеевтің сауалында тәкәппар пенделерге деген ұлы нала жатқандығын байқау қиын емес.

Тілші: Нұркен Мырзаханұлы, жалпы, биология дегенде адамдар көбінекей биологияның көп түрлілігіне, атап айтқанда, анатомия. физиология, зоология, гистология т.б. назар аударады. Осы дұрыс па, жалпы осылардың барлығына тән ортақ үрдіс бар ма?

Респондент: Жаңа Сіз атаған биологиялық пәндердің атауын Ұлы табиғатқа тән үрдістері, сатылары деп қарастырған абзал. Әйтпесе, табиғатта ондай ілімдср жоқ, табиғат біртұтас. Ал осы біртұтас күрделі құбылысты тану үшін адамзат оны бөле-жара зерттеу жолдарын қарастырып, жоғарыдағы білімдср саласын өмірге әкелді. Әлбетте, бұл үлкен жетістік. Алайда, әлем ғалымдары жаратылыстану жоғарыда айтылған биологиялық салалардың «үйіндісі» емес екендігіне бірте-бірте көз жеткізіп келеді. Олай болса, табиғаттанудың келесі баспалдағы жаңа концептуалды дүниетанымға ауысуы қажет. Жалпы, зерттеудің бізге белгілі екі түрлі жүйесі бар. Олар – еуропалық, көбінекей, тікелей «себеп-салдар» жүйесіне бағындарылған, жекешелерден жалпылыққа бағытталған зерттеу жүйесі. Оны көбінекей табиғатқа маркстік-лениндік қөзкарас деп келдік. Ал мұнымен қатар, қазіргі уақытта ұмыт болуға айналған Шығыс дүниетаным (табиғаттаным) жүйесі болған. Соңғы жүйенің концептуалды тұрағы – табиғат қалай жаратылған, тіршіліктің мазмұны неде, болашақта не болмақ, т.т., осыған ұқсас сауалдарды таным жүйесінің алғышарты ретінде қарастырады. Әлбетте, біз табиғат тағылымының жекешеліктер емес, жалпытанымдық үрдістерден бастау алатындығын аңғарамыз. Неге бұлай деген сұраққа жауап беру өте күрделі. Мүмкін жауаптар ретінде: табиғат мәңгі, оның барлық сырларын бақайшығына дейін шабақтау мүмкін емес немесе өзіңді-өзің алдау; адамзаттың басты және жауапкершілікті мақсаты табиғатты ұту және соның ығылымында әрекет етуді ұсынуға болады. Демек, қазіргі адамзат өркениетінің дамуының биологиялық үрдісіне көшкен керуенін, ғалымдардың зерделеу тәсілі мен осы уақытқа дейін қол жеткізген ғылыми-биологиялық категориялар деңгейін, пәлсафалық үрдіс деңгейіне жетікізу парыз екендігін айту абзал. Биыл осы мақсатқа жету  жолында кафедраның магистранты Жанболат мырзаға осы тақырыпқа магистрілік диссертация орындау табысталды. Ісіне сәт тілеймін. Демек, басты мақсат биологияның әр саласында игерілген ақпараттарды (сөздерді) санамызға қондыру. Сөз-рух эстафетасы десек, биологияның болашағы –  биологиялық інформацияны (сөзді) рухтық қазынаға айналдыру шарт. Әлбетте мұндай рухани жаңғырыс адам болмысын сауықтыруға ықпал ететіндігі дәлелдеуді керек етпейтін шындық. Кез келген биологиялық сұраныс рух кеңістігінің жарқын әрі ізгілікті шалғынында бой көтеруге және дамуына әкеледі. Мұны өте әредік ислам философиясының үрдісі деп атайммыз. Оның басты міндеті адам санасын адасушылықтан, жанын тағылықтан құтқарып, рухын тазартып, ар-ожданын жарыққа бөлеген және оның нұрымсн жаратылыстың сырларын оқитын маңызды қайнарға айналдыру.

Тілші: Нұркен Мырзаханұлы! Жалпы, биологиялық таным жайында ойларды ортаға салдыңыз. Көпшілікке белгілі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті биология саласы бойынша мамандар мен ғалымдар дайындайтын қарашаңырақ. Осы туралы ой өрбітсеңіз?

Респондент: Әлбетте, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті іргелі оқу ордасы жәнс ол өз елімізбен қатар шет елдерде де мойындалған шындық. Биология және география факультеті 1972 жылдан бастап жұмыс істей бастады. Факультет 4 мамандық: биология, география, экология және зоотехника бойынша кәсіби мамандарды іштей және сырттай оқу бөлімдері арқылы дайындайды. Осы уақытқа дейін мыңдаған мамандар даярланып, олар еліміздің түкпір-түпкірінде хал-хадерінше адал еңбектерін егеменді Еліміздің болашағы үшін атқарып келеді. Факультетіміздің білім беру, ғылыми ізденістер және материалдық-техникалық жабдықталу әлеуеті жылдан-жылға артып келеді. Бұл үрдіс университетіміздің ректоры құқық ғылымдарының докторы, профессор Еркін Қинаятұлы Көбеевтің сауатты көзқарасының арқасында одан әрі жетілдірілуде. Оған мысал ретінде Қазақстанда сирек кездесетін, 200 000 АҚШ доллары тұратын, қазіргі заман талабына сай физикалық, химиялық және биологиялық зерттеулерді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін лабораториялық қондырғыларға қол жеткізуіміз болып табылады. Бұл қондырғылар университет ғалымдарының соны жәнс іргелі зерттеулер жүргізуіне мүмкіндік беретіні ақиқат. Сөз орайында, ескерте кететін бір жағдай, биологиялық зерттеулер мен технологияларға еліміздің стратегиялық даму багдарламасындағы басылымдылықтарының қатарынан үш түрлі бағыттардың – биотехнология, нанотехнология және космостық медицина мен биология, енуі биологиялық ілім мен өндірістің еліміздің өркендеуіне қосқан жәнс қосатын үлестерінің ауқымдылығы мен өзектілігінің айқын мысалы бола алады. Демек, саналы жас ұрпақтың өз елінің әлеуетіне үлес қосуына шынайы мүмкіндіктер меи өрістің ашылғандығын айту абзал. Факультетімізде оқу ісіне классикалық білім беру жүйесімен қатар әлем мойындаған замануи кредиттік технология жүйесі енгізілуде. Оны игеру, жабдықтау және өз ортамызға лайықты түрде икемдеу мақсатында ректорымыз Е.К.Көбеевтің ұйымдастырушылық құзіреті мен жоғары таланттарының жемісі айтарлықтай. Факультет биыл бірінші курстарда, ал келесі оқу жылында барлық курстар мен мамандықтар бойынша аталмыш технологияны енгізуге үлкен дайындықпен арнайы іс-шаралар атқару үстінде. Факультетімізде магистрлер мен аспиранттар даярлау кешенді түрде жүргізіледі. Болашақ жас мамандар факультеттегі мемлекет қаржыландыратын «Сарыарқа аймағының әртүрлі деңгейдегі биожүйелерінің қазіргі ахуалы және өздігінен реттеліс тетіктері» атты іргелі ғылымдар бағдарламасының аясында «Бейімделу физиологиясы жәнс лимфотроптық коррекция» лабораториясында (жетекшісі, профессор Н.М Мырзаханов) және сонымен қатар «Биотехнология және молекулярлық биология» (Г.П.Погосян), «Экофизиология» (А.Е.Коңқабаева) мен «Орталық Қазақстан геоэкологиясы» (К.М.Акпамбетова) оқу-тәжірибе лабораторияларсында болашақ диссертациялық жүмыстары бойынша өзекті зерттеулер жүргізеді. Олардың диссертациялық жұмыстарының нәтижелері өндіріске, жоғарғы және орта білім беру жүйелерінің бағдарламаларына енгізіледі. Факультет мамандары Қазақстан Республикасының, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының және әлемнің көптеген елдерінің жоғарғы оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымсн тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық мемлекеттік университеттерімен, Адам және жануарлар физиологиясы, Ботаника және иптродукция ғылыми-зсрттеу институттарымен, Мәскеу Халықтар достығы университетімен, Ноғайсібір, Кишинев, Волгоград, Түмен, т.т., қалаларындағы оқу орындары және АҚШ, Қытай, Кипр мемлекеттеріндегі ғылыми орталықтарымен оқу және ғылым салаларында тығыз байланыстар қалыптасқан. Факультетіміздегі оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстардың кешенді ұйымдастырылуына барлық оқытушы-педагогикалық ұжым мен оның жетекшісі, декан Айдар Мұратұлы Айтқұловтың еңбектерінің мол екендігін айту абзал.

Тілші: Нұркен Мырзаханұлы! Соңғы сауал: Бүгінгі әңгімелеріңізді қалай қорытындылар едіңіз?

Респондент: Биологиялық ғылымдар табиғат, өмір мен рух, даналық пен парасаттылық, сезім мен түйсік, адамдық пен күнәһарлық, адамға құрмет пен ұстамдылық, жақсылық пен жамандық, асқақ сезімдердің тұтастығы, достық пен жолдастық, үміт пен үрей, нағыз өмір және өмірдің берекесі, надандық пен ізгілік, неке және ұрпақ, шыншылдық және әділдік, сабыр мен имандылық, себеп пен мақсат, тағы-тағы көптеген заттық, рухтық һәм пәлсафалық категориялар мен түсініктердің бастамасы, жаңғыртушысы, қалыптастырушы және дамытушысы болып табылады. Өмірді тап өзіңді танудан басталатынын ескерсек, бұл қағидаттардың адамзат, жалпы ғаламият өміршеңдігінің негізінде жататындығын байқаймыз. Бұл жағдаяттың маңыздылығы адамдардың төл табиғатпен парапар келетін жасанды немесе екінші экологиялық ортаны қалыптастырғандығына байланысты арта түсуде. Көп жағдайларда адамның өз табиғаты болмысының төл табиғат пен жасанды табиғат қатынастарын жетісе алмай, жетімшілік жағдайда, өзіне-өзі өгей жағдаятта болатынын ескерсек өзіңді-өзің тану тағылымы заманымыздың ең өзекті мәселелеріне айнағандығын ашу абзал. Осы туралы ойларға мен «Экологиялық эссе» (2006) еңбегінде толығырақ тоқталғанмын. Онда исламдық философияның имандылық негіздері ретінде инабатталық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық, ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық және қайырымдылық категориялары қарастырылып, осы ұғымдар пәлсафасына неғұрлым ерте, неғұрлым терең, неғұрлым ерікті жетіссек, соғұрлым бақыттымын деп ұққан абзал деп қорытындылағанмын. Биологиялық танымдарды түсініктен пәлсафалық танымға көтерейік, жас ұрпақ! Биология мамандығы осынау биік тұғырдың алғышарты деп ұқкан абзал, ал биология – болашақтың ілімі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

ҚР мәдениет қайраткері, ҚР құрметті тілшісі,

«Алтын сұңқар» сыйлығының иегері

Сүйіндік Жанысбай.