-Нұркен Мырзаханұлы, Сізді ғылыми орта Қазақстан бойынша алғашқы валеолог ғалымдардың бірі деп таниды. Осы сала бойынша жазған оқулықтардың авторысыз. Кеңестік кезеңде бізде валеология деген ғылым болды ма?
-Валеология – сау адамның денсаулығын қалыптастыру ғылымы. Әрине, кееңестік кезеңде бізде «Валеология» деген ғылыми ұғым болған жоқ. Бірақ адам гигиенасы, акмеология, отбасы тәрбиесіне қатысты салалық пәндер, ғылыми бастаулар болды. 1991 жылы Павлодар университетінде қызмет істеп жүргенде алғаш оқулық құрастырып шықтым. Бұл болашақтың ғылымы екенін біліп едім. «Валеос» – сәйкестік деген ұғым. Адамның ортаға, қоғамға сәйкестігі. Кеңестік ғылым оқытқан жаңағы салалардың барлығының басын қосады. Негізі, ол биологиядан гөрі педагогикаға жақын. Абай айтқандай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан», осы ғылымның ұстанымы деуге де болады. Адам, мейлі, отбасы ма, қоғамдық орта ма, мемлекеттік қызмет пе, қай жерде болсын, өзінің орнын таба білсе, соғұрлым оның денсаулығы жақсы болады. Адам өмірінде орнын таба білуі үшін физикалық денсаулығы дұрыс болуы керек, содан соң сана денсаулығы дұрыс болуы керек. Айналадағы құбылыстардың шешімін өз ішіңнен таба білген де абзал. Дүниетанымы кең болуы шарт. Биолог тек биолог болып қана қалса, өзге салаларды білмесе, толыққапдьі адам бола алмайды. Мен, мысалы. тек физиолог ғалым ғана емеспін, көңіл ауаны соққанда өлең жазып, әңгіме жазып, ән шығарғанды ұнатамын. Сырнай, домбыра, гитара аспаптарында ойнап, ән айтамын. Соңына түсіп, кәсіби меңгермесем де, жүректің қалауымен шығармашылықпен де айналысамын…
-Қазіргі білім беру жүйесі бір адамның бір саланы ғана түбегейлі меңгеруіне үндейтін секілді. Мәселен, мектеп бітірушіге немесе жоғары сынып оқушысына өзінің ыңғайы бар саланы тереңірек оқытады. Тест жүйесі де осыган негізделген сыңайлы…
-Әлбетте, мұның барлығы үлкен, мемлекеттік деңгейде орайластырылып жатқан шаруа ғой. Ішінара қайшылықтар да туындап жатады. Бірақ қоғам дамыған сайын, өндіріс салалары да молайып келеді. Дамушы мемлекет басқа елді «қуып жету» үшін нақты бір саланы жақсы меңгерген маманға зәрулік арта түседі. Бәсекелестік пен жаһанданудың көшіне ілесеміз деп осы қадамдарға барып жатырмыз. Тек, негізінде, «фундаментальды ғылым» дейміз ғой, соны бізден ешкім алып тастаған жоқ. Ал негізгі ғылымдардан кез келген адамның хабары болуы керек – өзі үшін. Ал мемлекеттің шаруасы – әркімнің мүмкіндігіне қарай жағдай ұсыну. Біреуі 9-сыныптан соң білімін жалғастыра алмайды, сондықтан кәсіптік білім алуға талаптануы керек. Біреуі жоғары білімге ұмтылады, бірақ бакалаврлықты қанағат етеді. Келесі біреуі, ғылымның одан да терең қашарларына үңілуге мүмкіндігі барлығының арқасында магистр болады. РhD – одан әрі қарай іздеініске түсу жолы. Әркімнің өмірде өз орны бар деген де осыған саяды. Елдің бәрі жоғары білімді болса, қоғамның нағыз керек салалары дамымай қалатынын өмір дәлелдеп отыр. Баршаға міндеттеу қажет емес. Тек дарынын үштап беру керек. Ғылымның дамуына осы әкеледі. Мәселен, қай униерситетте оқысаңыз да, бастапқы курстарда алған біліміңіз, университет тамамдар тұста ескіріц қалмасына кім кепіл? Биология саласында түбегейлі ғылыми өзгерістер бес-жеті жылда болып тұрады. Ал ағымдағы ғылымдар – экономика сияқты ғылымдарда, үш жылда өзгеріс болып тұрады. Заман алмасуына қарай түбегейлі өзгеріс болып тұруы керек. Осыған сайғанда, адам өмір бойы ізденісте болғаны жөн. Адам дүниеде жеке түр ретінде, индивид ретінде өмір сүреді. Біз кішкене молекулалар тәріздіміз, үлкен биосфераның құрамдас бөліктеріміз. Бізге осы өмір барысында бәрі әсер етеді. Өз кезегімізде біз де әсер етеміз. Қазір адамның, жеке адамның ғана емес, тұтас адамзаттың әрекеті табиғи ортаға антропогендік қысасқа айналып кетті. Осы тұрғыдан алғанда адам әуелі ортаға әсерді өз ішіне үңіліп, өзінің өміріне әсері қалай болатындығымен түйіндеу керек. Адам өзі екі тұғырда тұр. Бірі – биологиялық тұғыр, Алла Тағаланың жаратқаны. Екіншісі – әлеуметтік тұғыры. Адам биологиялық тұғырда жаратылып, әлеуметтік байланыс арқылы қалыптасады. Өзіңді, әлемді тануың керек. Міне, валеология ғылымының негізгі ұстанымы осындай.
-Биология «нақты ғылым» ба?
-Кейде «биология» нақты ғылым, яки «точная наука», емес деп жатады. Олай дейтіндср түбегейлі қателеседі. Бұл ғылымда да басқа ғылымдар сияқты аксиомалары, дәлелдеуді қажет етпейтін, ақиқаттары бар. Мәселен, генетика заңдылығы немесе физиологиялық жүйелерді реттеу, қалыптастыру механизмдері. Атадан балаға, одан әрі ұрпақтарына таралатын тектік құрылым. Адам әлемдегі жалпы жаратылыстың ең шыңы ғой. Онымен айналысатын ғылым неге нақты ғылым бола алмайды? Адамның өзге мақұлықтардан ерекшелігі – бейімделу қасиетінің артықтыгы. Мәселен, түрлі ортада адам өзін әртүрлі дәрежеде, түрлі күйде ұстайды. Осы тұрғыдан қарасақ, биология саласында зерттеушінің көріпкелдік (дар предвидения) қасиеті болуы керек. Физика мен математикада қажет теория мен формуланы дәлелдей аласың. Биологияда бір құбылысты дәлелдеуің үшін көріпкелдік қажет болады. Биология – табиғаттану ғылымдары мен әлеуметтік ғылымдардың жиынтығы, қосындысы. Ауқымы өте кең. Қазір заман алға басып, техника дамыған сайын, урбанизация ірі қадамдар жасаған сайын адамның ортасы күрделене түседі Болашақ қоғам, мысал ретінде, биологиялық қоғам болуы керек. Әр адам болашақта биологиялық танымсыз күн көре алмай қалады. Қазір, мәселен, дүкенге кіріп, ағзаң қажет еткен тағамды таңдап алудың өзі күрделеніп кетті. Өзіңмен бірге келген көршің таңдап алған тағамды сен де алуың мүмкін. ІІІын мәнінде, көршіңмен түрің ұқсас болғанымен, қажеттілігің басқа. Оның сыртында, еліміз таңдап отырған бес басымдықтың үшеуі биологиялық басымдық: биотехнология, нанотехнология, космостық биология және медицина…
-Адамды биологиялық түр ретінде қарастырудың мәні де осыған байланысты екен ғой?..
-Адам өз жаратылысында биологаялық түр дедік қой. Адам – өзі бүкіл болмысымен толық зерттелмеген нәрсе. Біз оның тарихын, психологиясын, анатомиясын, физиологиясын, әлеуметтік жағдайын білеміз. Оны тұлға ретінде толық зерттеген білген жоқпыз. Біздің елімізге Адам институты керек. Бізде ондай жоқ. Ол адам тұлғасын қандай күрделі, сондай күрделі дәрежеде зерттеуі керек. Біз ғылымда көбіне еуропалық үрдіспен зертейміз. Жекеден жалпыға, ұсақтан іріге қарай. «Ол неге іріленді? Қалай?» деп сұралады. Ал Шығыс ғылымында жалпыдан жекеге, іріден ұсаққа қарай зерттейді. Адам қалай жеке тұлға болып қальптасты? Ортақ анықтауыштары осыдан шығады. Осыдан келгенде, кейбір жекешеліктер қажетсіз екені анықталмақ. Жалпы, қағиданы ұстанып өмір сүру керек. Көпшелілердің Тәңірлік қағидасы, мәселен. Адам өмірге келеді, жүреді, кетеді. Сондықтан осы өмірде артық, өрескел қадамдар жасау қажет емес…
-Солай болғанда биологияның дінге де қатысы болады ғой?
-Әрине! Кеңестік кезеңдс «Дін – елге берілген апиын» деп оқытты ғой. Соқыр сенім ретінде қабылдасаң, әлбеттс солай. Дін, біле- білсек, ғылымның атасы. Бір қызық дүние бар, міне, Мұқағали Мақатаевтың өлеңі:
Дін — ғылымның анасы,
Дін — ғылымның әкесі.
Ғылым діннің баласы,
Дін ғылымның көкесі.
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар.
Адам аты өлмесін,
Ақыр заман келмесін.
Қол ұстасып Құдайға,
Ғылым мен дін бірге бар, –
дейді.
Ақыл – ардың айнасы. Дін де, мистика да адам болмысына тән. Оның барлығы ғылымның нысанасында болуы ксрск. Мәселен, әркім өмірді әртүрлі сезінеді. Сіздің сезіміңізді ғылым емес деп қалай айтамыз? Әлемге ылғи ғылыми көзқараспен қарау керск. Себебі, әлем әрдайым даму үстінде. Күн сайын жаңалық туып жатады. Сол ретте дінді, ғылымды екі тізгін етіп, тең ұстасаң, адаспайсың. Содан соң, ұлт деген ұғым ойға оралады. Мәселен, Тәңірі жаратқанда адамдардың арасында белгілі дәрежеде алшақтық жасады және белгілі орайда жақындық жасады. Әр адамның генетикалық тегі – оның ғұмырлық қозғауыш күші. Ұлттық сана содан қалыптасады. Тіл арқылы һәм биологиялық тегі арқылы. Тіл – адамның геномына кіретін бірегей бөлшек. Ғасырлар бойы қалыптасатын қасиет. Алшақтық та, жақындық та ғаламның жан-жақты дамуына қызмет етеді. Әр адам өз генетикалық тегіне адал ғұмыр кешуі керек…
-Соңғы жылдары экологиялық зерде, экологиялық имандылық тақырыптарын қозғап, қазіргі экологиялық дағдарыс туралы ізденістеріңіз Карағанды өңірінс танымал болып отыр. «Экологиялык имандылық» ұғымын да өзіңіз біздің санаға енгізуге қадам жасап жүрсіз. Экологиялық имандылық дегенді қалай түсінуге болады?
-Иман ұғымы туралы анықтама бермей-ақ қоялық. Ал экологиялық иман – ол аталарымыз ғасырлардан қалыптастырған табиғат аясына салауатты, иманды өмір сүру тәртібі. Қазақ танымына тән құбылыс. Біздің ата-бабаларымыздан мұра болған осы жер климаты, табиғат жағдайы күрделі аймақ, өмір сүру оңай емес. Ата-бабаларымыздың өміріндегі жетістіктері немесе жетіспеушіліктері тікелей табиғатпен байланысты болған. Аталарымыз табиғатқа артық қол сұқпаған. Керегін ғана алып, керек емесіне тиіспеген. Мұхтар Шахановтың есептеулерін қарап отырып (кейін мен де тағы бір мұқият қарап шықтым), қазақта 270-тен астам тыйым сөз бар екен. Табу дейді. Тиісуге, істеуге болмайтын әрекет. Қазіргі ұрпақ олай ойламайды: ананы бүйтсе кайтеді, былай істесе не болады екен? Табиғатқа ойына келгенін істейді. Бұрын «Болмайды!» деген. Оған «неге?» деп сұрақ та қойылмаған. Тыйым тегін шықпаған. Егер сол тыйымды ұстанбаса, түптің түбінде жамандыққа апарып соқтыратын болған. Мұның бәрі ғасырлар бойы қалыптасқан, адамзаттың маңдайы тасқа соғылуы арқылы жадына жазылып қалған қағидалар. Егер тыйымды аттап кетсе, тұтас тайпалар, ұлттар қырылып қалған оқиғалар болған тарихта. Экологиялық имандылықтың негізі ата-бабаларымызда бар. Ол бізге де керек. Өміріміздің табиғатпен қарым-қатынасымыздың тұтқасы сол болуы қажет. Сонда жаңылыспаймыз…
-Рақмет.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
«Журналистика» факультетінің студенті
Г. Жетпісова.