Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне жүгінсек, адам денсаулығының 85-90 пайызы тегіне, қоршаған ортаға және өмір салауатына байланысты екен. Демек, адам денсаулығы тікелей адамдардың жеке басына, өзара қарым-қатынастарына тәуелді екені мойындалады. Соңғы кездс сау адамның денсаулығы жайында жиі айтыльш жүр. Бұл ілімге «валеология» деген айдар да тағылды. Тұнғыш рет 1998 жылы Астанада Сара Алпысқызының ұйымдастыруымен және қолдауымен өткен I Халықаралық валеологиялық конференция өз жұмысын табысты аяқтады.
Менің пайымдауымша, валеология адам денсаулығының қалыптасуына, оны орнықтыру мен жетілдіру жолдарын зерттеу жөніндегі ғылым болып табылса керек. Бұл ғылым зерттейтін мәселелерге адам тегінің сапасын жетілдіру (генеология), мешкейлік (қарын қамын ойлау, ой-сана, көз мешкейлігі, т.т.), қимыл әрекетсіздігі (ой және дене қимылы), стресс (әсіресе, сөз сөйлеу мәдениеті), ой арамдығы (функционалдық қайшылықтар), дінсіздік (ішкі нанымның кедейлігі) сияқты күрделі мәселелср жатады. Абай ойымен тұжырымдасақ: «Ішпек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық» – бұл нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар. Өлшеуінен асырса, «уы шығады» деген шынайы шындық тұжырымдары дені сау адамның өз денсаулығын сақтаудағы маңызына арналса керек.
Адам табиғаты өте күрделі және де онымен көптеген табғаттану мен қоғамтану ілімдері айналысады. Соған қарамастан адам денсаулығын көбінесе медицинаның «меншіктеп» алғапдығы көпшілікке аян. Ал медицина болса, сырқаттық жағдайларды анықтап, емдейтін ілім екендігі белгілі. «Денсаулық дегеніміз не?» деген сауалдың түбегейлі анықтамасының болмау себебі де осыдан. Сонда да өткен ғасырдаң 60-жылдары саналогия, яғни организмнің сырқаттылыққа қарсы тұруы туралы ілімнің үдере дамығаны белгілі. Алайда, медицина теориясымен шұғылданатын ғалымдардың пайымдауынша, саналогия адам денсаулығы ілімінен гөрі сырқаттан айығу жолдарын айқындайтын ғылыми өріс болып табылады. Сонымен, дені сау адамның денсаулығымен шұғылданатыи ілімнің көпке дейіп дербес дамымағандығы ақиқат. Ғылыми пайымдауларға қарағанда, медицина мен денсаулық мекемелерінің жұмысына адамның тән саулығының тәуелділігі небары 8-10 пайызды құрайтындығы айқындалып отыр. Олай болса, халықтың денсаулығын айқындайтын себептердің көбінесе медицинадан, емдеуден тыс жатқандығын байқауға болады (90-92 пайыз).
Қазіргі таңда ғылым салалары адам тәнінің сүлбесін, ағзаларының қаншалықты терең зерттегенімен, адам денсаулығының әлеуметтік, моральдық-рухани, генетикалық, т.с.с. болашағы жөніндегі мәселелерді зерделеуде кенже қалып отыр. Адам табиғаты зерттеу объектісі ретінде көп жағдайда жұмбақ екендігі рас. Дені сау деген адамдардың көпшілігі, медицина тілімен айтқанда, «үшінші жағдайда» күн кешуде. Яғни, олар не ауру, не сау деуге келмейтін деңгейде тіршілік етуде немесе құдай берген денсаулық пен психологиялық мүмкіндіктердің өте аз бөлігін ғана пайдалануда.
XX ғасырдың аяғына қарай биология, экология, медицина, философия, психология, педиатрия және қоғамдық ғылымдар негізінде дені сау адамның денсаулығы туралы ілім қалыптастыру қажет екендігі байқала бастады. Жоғарыда әңгіме болғандай, адам денсаулығының жалпы алғанда емдеуге емес, оқу-білім, тәлім-тәрбиеге, рух пен зердеге тәуелділігі жоғары болатындығы айрықша бой көрсете бастады. Түптеп келгенде, денсаулық адамдардың тәрбиесіне жәнс өзін-өзі тәрбиелеуінс, яғни ғылыми және халықтық педагогикалық жүйелердің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан қағидаларына байланысты екендігін мойындатты. Адам баласының екі жақты – биологиялык және әлеуметтік құрылым, яғни тіршілік иесі екендігі белгілі болды. Олай болса, адам денсаулығы тек қана биологиялық заңдылықтармен ғана емес, сонымен қатар отбасы, қоғам, мемлекет арасындағы қалыптасқан және қалыптасатын арақатынастарға, жақын және алыс космостардың әсеріне, ноосфералық және Тәңір құдіреттсріне байланысты екендігі белгілі болып отыр. Денсаулық адамнан саналылықты талап етеді. Ал «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан көргені, білгені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқанын ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады», – дейді хакім Абай (39-сөз). Демек, Абай естілік негізінде тәрбиенің және өзін-өзі тәрбиелеудің жатқандығын анық және тұщындыра айтып отыр. Бүгінгі зерделене бастаған бұл көзқарасты «педагогикалық валеология» деп айтуға толық негіз бар. Сонымен, дені сау адамның денсаулығы жөніндегі ілім – валеологияны екі үлкен салаға бөлуге болады. Оларды медициналық (8-10%) және педагогикалық (90-92%) валеология деп атау қажет. Жоғарыда келтірілген ескертпелерді ескере отырып, валеологияның осы екі саласына ортақ және айрықша сипаттарды ажыратып алған абзал. Өйткені. алғашқысы емдеумен, сырқаттардың алдын алумен көбірек шұғылданса, соңғысы әлеуметтік-педагогикалық проблемалармен, атап айтқанда білім-тәлім негіздеріне түзілген салауатты өмір салттарына сүйеніп, дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жолында қызмет етеді. Адам денсаулығының кәмілділігінің көбінесе медицина мен медициналық көмектен тыс жатқанын ескерсек, «педагогикалық валеология» терминінің валеология деген ұғымды түгел дерлік қамтитындығын көреміз. «Денсаулық кілтін» табу, денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау – педагогикалық валеологияның басты міндеті.
Өрбітіп отырған ойымыздың тағы да бір қыры – валеология ғылымының болашақта пәнаралық ғылым ретінде қалыптасатындығы және оның прогрессивтік болашағының зор екендігі. Меніңше, даму бағыты тұлғалардың тән, сана және әдеп арналарын қамтыса және ол шындық пен ақиқат сияқты қоғамдық категориялармен қауышса ғана валеологиялық институттардың дамуы прогрессивтік жолға түседі. Бұл – мемлекеттік іс-шара. Ол үшін, әрине, еліміздің басты оқу орындарында, ғылыми-зерттеу институттарында арнайы валеологиялық кафедралар мен лабораториялар жұмыс істеуі қажет. Олардың міндеті мамандар даярлаумен ғана шектелмей, адамзаттың өсіп-өну кезіңінің бәрінде қалыптасқан құндылықтарға валеологиялық тәжірибе жасауы қажет: біріншіден – әр заманның мәдениетіне деген сыни көзқарас қалыптастыру, екіншіден – қоғамдық шындық пен ақиқатқа байланысты тән, сана және әдеп арналарын қалыптастыру және үшіншіден – тұлғалардың өзіне және өзін қоршаған шынайы өмірге байланысты саналы түрде қауымдық құндылықтарды қалыптастыруын зерделеу. Соңғысы прогресстің ең жоғарғы сатысы болып табылады.
Профессор Н.Мырзаханов.