Адам табиғатының құрылымы меп қызметі (функциялары) органикалық ортаның эволюциялық дамуының ең биік тұғыры болып саналады. Әйгілі орыс ғалымы, Нобель сыйлығының лауреаты Ивап Петрович Павловтың пайымдауынша: «Адам организмі – оргагикалық әлемнің дербес тіршілік ете алатын, өзін-өзі жаңғыртатын, өзін-өзі реттейтін және өзін-өзі тәрбиелейтін биологиялық бірлігі болыи табылады». Организм (ағза) әрқашанда қоршаған ортамен диалектикалық тұтастықта болады және оның өзгерістеріне тұтас жүйе ретінде бейімделіп отырады. Олай болса адам организміне барлық тіршілік иелеріне тән зат және энергия алмасу, көбею, тұқым қуалау, өзгергіштік өсу және даму, тітіркену және өзін-өзі реттеу сияқты қасиеттер тән болып келеді. Адам организмінің қазір алты құрылымдық деңгейлері ажыратылады. Олар молекулалық, клеткалық, тәндік, органдық, жүйелік және жалпыорганизмдік болып бөлінеді. Алайда адам организмінің тек қана биологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік құрылым екендігін ескерсек, адам организмінің құрылымдық деңгейлерінің ауқымын одан әрі кеңейтуге болады. Атап айтқанда, популяциялық, қоғамдық (социумдық), биосфералық, космостық, т.т. Бұдан кейін туындайтын мәселе адам тек қана белгілі бір биологиялық түрдің жалғасы емес, ол сонымсн қатар табиғаттың, соның ішінде космостң құрамдас бөлігі екендігін аңғарамыз. Шындығында да, «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» (Абай) қағидасы – әлемдік қағида. Адам өзін қоршаған ортамен, тек қана іс-әрекеті ғана емес, өзінің бүкіл болмысымен қауышуы шарт. Міне, нағыз бірлік, шынайы денсаулықтың негізі осы.
Мен бұл арада адам тәнінің құрылысы мен қызметі туралы тәптіштеп жатпаймын. Оқырман бұл мағлұматтармен мектеп, орта немесе жоғары оқу орындарының шәкірттеріне арналған анатомия және физиология пәндері арқылы толық таныса алады.
Денсаулықты қалыптастырудың стратегиялық және тактикалық негіздерінің басты арнасы – денсаулық ғұрыптары болып табылады. Ол – бір жағынан, баланың тектілігін аялау болса, екіншіден – баланың тектік-конституциялық басымдылықтарын барынша дамыту және қолайсыз жағдайларды қалпына келтіруге ұмтылу екендігі рас. Бұл тұрғыдан алып қарағанда денсаулық жөніндегі адамдардың пікір-ойын оңтайлау немесе қазіргі жағдайға байланысты валеологияландырудың мәні ерекше. Мәселе, адамдардың жаны мен тәні сияқты, денсаулықтың да тарихи категория екендігіне көңіл аударуда. Сондықтан да бүгінгі және болашақ ұрпақтардың денсаулығы адамдардың құрылымдық және қызмет атқару тетіктерін, оның ішінде педагогикалық тетіктерін де, ұлттық (этностық) негіздерін игеруге және оны жетілдіруге, дамытуға тікелей байланысты.
Осы концепция тұрғысынан алып қарағанда денсаулық туралы пікір-ойды оңтайлаудың (валеологияландырудың) бірнеше сатыларын қарастыруға болады. Олар баланың іште даму, омыраудан қоректену, сәбилік, балалық, ер жету (бой жету), ересектену және егделік сатылары. Бұл жіктеу адамдардың онтогенездік даму сатыларының негізінде қабылданған морфофизиологиялық, әлеуметтік-биологиялық және әлеуметтік-ұйымдастырушылық нысандармен сай келеді (Х.Сәтбаева, 1995).
Дамудың осы сатыларына орай адамдардыц ой-пікірлерін валеологияландыру жөніндегі ерекшеліктердің де болатындығы байқалады. Онтогенездің алғашқы сатыларында морфофизиологиялық, сәби өсе келе әлеуметтік-биологиялық, ал ересск және егде шақтарда әлеуметтік- ұйымдастырушылық нысандар өріс алатындығы айқындалады. Қорыта келгенде, мақаланың көтерср мәселесі адамдардың ой-пікірлерінің немесе олардың рухани- биологиялық сүлбесінің денсаулықты қалыптастыру, сақтау және дамытудағы маңызы жайында болмақ немесе «Ой – денсаулықтың архитекторы» деген ұғымды талдап жәнс оның аясын кеңейту ниетінде өрбімек. Сонымен, денсаулықтың құрылымдық және қызмет атқару сүлбесінің жалпы қалыптасу сатылары туралы оймен omyrsonar.org сайтында таныса аласыздар.
Профессор Н.Мырзаханов.