Биікте едің
Ала алмас қанат тыным,
Мерт болдың-ау таптырмай тағат шыңын,
Бүгін қайта көтерді есіміңді
Сезіп заман өзінің ағаттығын.
Кәкімбек Салықов
Мен алғаш рет Ебіней Арыстанұлы Бөкетов әлемімен 1976 жылдың ақпан айында таныстым. Оған себеп – сол жылы Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген ағаның «Ат қомында туғап адам» атты еңбегі. Кітапты бір сәтте (бір түнде) тәмамдап, бұрын-соңды сараланбаған сезімімді тапқандай болып, қайта-қайта оқыдым. Бұл күнде мен аспирантураны тәмамдап, кандидаттық дәрежеге диссертация қорғап, мүғалімдікке түскен кезім болатын. Көңіл семіз, болашақ бұлдырлау сәт болатын. Өрекпіген кеуденің болымсыз қуанышы мен желігі «жынын алған бақсыдай» басылып, осыған дейін ашқан «жаңалықтарымның» әуегейлікке жақын, ал өз ойымнан еліктеушілік пен әсіреліктің нышандарының басым екендігін аңғардым. Осы түйсік мені Ебінсй Арыстанұлының өмір жолын білуге – ғылымға, ұстаздыққа келу арналарын саралауға жетеледі. Мен оның Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Шалкиіз ауданының Бағанаты ауылында дүниеге келгендігін, жастайынан өмір мектептерінің ауыр да зиялы баспалдақтарынан өткенін, ата-ана, ауыл-аймақ, замандастарының бойындағы адамгершілік, еңбекқорлық, намысқойлық, адалдық, азаматтық қасиеттерді бойына терең сіңіре білгендігін аңғардым. Оның 1978 жылы «Простор» журналының №8 және №9 номерлерінде жарияланған «Время светлой судьбы» еңбегінде жоғарыда аталған бастаулардың адами құпиясы баяндалғанын зерделедім. Ебіней Арыстанұлы меніц санам мен болмысымда тәлім-тәрбие мен ғылымды ұштастырған өмір ұстасы – абызға айналды. Мұндай жаратылыстағы адамдарды Абай атамыз хакім деп бағалайды. Иә, Ебіней Арыстанұлы өз ұлтына, барша адамзатқа тек ғылыми жәнс әдеби мұраларымен ғана емес, парасат мұнарасы, Хакім дәрежесінде танылған тұлға.
Кейде адам тағдырының талайы кездейсоқ оқиғалардан да бастау алады. Өмір өткелдері ертегіге бергісіз қисынды сәттерді жолықтырады адам баласына. Осындай шуақты күндерді мен 1978 жылдың жаз айында Қарқаралы төңірегіндегі Қарағанды мемлекеттік университетінің «Тасбұлақ» демалыс үйінің ауласында кезіктірдім. Оған себеп, осында аталмыш университеттің ректоры аз уақытқа демалысқа келіпті деген ақпар еді. Бір көру арманым болған тұлғаға сәті түссе сәлем беріп. көрсем-ау деген ниетпен демалыс үйіне келсем, Ебіней Арыстанұлы қасында 2-3 студент, орта жасқа келген мұғалімімен серуен құрып келе жатыр екен. Бұрын көрмесем де, бейнесінен жазбай танып, екі қолымды ұсына сәлем бердім. «Тапымадық- ау, батыр, кімсің, қайдансың?» – деген сұраулардан соң: «Жақсы, жақсы, биология ғылымы Қазақстанда кенже ғылымдарға жатады, ұлттық ғылыми мектептер аз, талаптан, докторлық жұмысқа және түбегейлі жұмысқа ниет қой» деген тілеулестік айтты. «Сен өзің мен сияқты үйдей екенсің! Ал әдебиетке, өнерге қалайсың?», – деген сауал қойды. Мен өнер мен әдебиетті жақсы көретінімді, бірақ облыстық газетке басылған бірді-екілі мақаладан басқа жазбамың жоқ екенін айттым. Аға маған: «Ғылым мен өнер – егіз! Абай елі – киелі топырақ…», – деді. Дәмге шақырды. Ебіней Арыстанұлыныц ғылыми һәм әдеби өрісімен сырттай танысу, оның өзімен сәтқағым уақыт кездесу менің жадымда өшпестей із қалдырды, үлкен ізденістерге бастады және һәм жебегендей болғаны хақ. Көбінекей бұл ұғым тікелей дәріс берген адамдарға байланысты айтылады. Әлбетге, оның ауқымыньщ кең екендігі ақиқат. Бұған әлемге белгілі бірінші ұстаз атанған Аристотель, екінші ұстаз атанған бабамыз Әл-Фараби есімдері куә. Меніңшс, Ебіней Арыстанұлының саналы өмірі де болашақ ұрпаққа «болмасаң да ұқсап бақ» қағидасын ту етуді үйретуден жалықпаған тәлімгерлік мектебі. Бұл ойымды ағаның өз сөзі де дәлелдейді. Ол: «… Шәкіртсіз ұстаз тұл дегендей, еккен жемістерімніц бір дәні болса да халықка тиімді өнім берсе, мен өзімді бақытты адам деп санаған болар едім», – дейді. Тағы да: «… 40-45-тен асқан соң адамның алғырлығы азаяды екен. Алғырлығы жастардың қолыңда қалады екен. Жаңалықты бойына тарта білу деген ол жастыққа байланысты екен. Қырық пен елудің маңайына келгенде адам бойындағы дарынын беріп, өзінің тәжірибесін жұртқа таратып отырса, ол да бір үлкен ғанибет сияқты», – деп тұжырымдайды. Бұдан артық мәрттік пен тәлімгерлік парасатты, болашақ үшін қамқорлыкты пайымдау үлкен тұлғаның қолынан ғана келетін қасиет болса керек. Ебіней Арыстанұлының бойындағы осы қасиеттер жалаң ойдың ғана емес, оның бүкіл болмыс-тіршілігінің шынайы тәжірибесі екендігін мойындау шарт. Мұны біз ағаның 1996 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Алты хат» повесінен анық аңғарамыз. Бұл еңбектен ғалым өмірінің шыншылдық келбеті ғана емес, бұл оның замандастарына, болашақ ұрпақтарға қалдырған өсиеті, зерлі парасаты іспетті ағынан жарылуы.
Адам деген асқаралы ұғымның екі бастамадан – биологиялық және әлеуметтік – тұратындығы ақиқат. Адам табиғатындағы биологиялық нышандардың барлық тіршілік иелеріне ортақ екендігі мойындалса, ал оның адамилық, әлеуметтік келбеті күнделікті қажырлы еңбек пен салиқалы тәрбиені қажет ететіндігі белгілі. Бұл тұрғыдан алғанда, адамгершілік баспалдақтары – тарихи категория. Ол өткені мен бүгінін, бүгіні мен болашақты ұштастыра бастауды қажет етеді. Осыны теркң түсінген Ебіней Арыстанұлы ғылымда, өнер мен әдебиетте ұлттық сананы биіктетудің, оған қоғамның барша мүшелерінің үлес қосуының қажет екендігін ескертеді. Бұл қағида замандағы ізденістеріміздің көпшілігінің бүкілхалықтық, бүкілұлттық сипат алғанда ғана келелі болатындығының кепілі екені кез-келген әрекет, мақсат өмір тіршілігін жақсартуға, халқына тікелей игілік әкелуге міндетті деп ой түйеді ғалым. Біз бұдан заңғар тұлғаның сонау тоқсаныншы жылдарда қазір өзіміз басшылыққа алып, мемлекеттік саясат деңгейіне көтеріп жүрген инновациялық-инвестициялық даму, кластерлік технологиялар аталып жүрген істердің бастамасы екендігі таң қалдырады. Ғалымныц көрегендік тереңдігі ірі тарихи, ірі жаңашылдығына тәнті етеді.
Повестегі тағы бір оқшау ой терең, әлбетте, көп сараланбаған «Кім боламын?» философиясы. Ебіней Арыстанұлы: «Менің оқуыма әкемнің көзқарасы қызық еді. Біздің тұқымда менен бұрын бірде-бір хат таныған адам болмаған. Ал әкем қолына өмірі кітап ұстап көрмесе де, мақал-мәтелдерді, қисаларды, ақындардың өлеңдерін көп білетін. Мысалы, оқу мен білімнің керектігін, оқыған адамның алды жарық екендігін дәлелдеу үшін талай ғүламалар мен білгіштердің сөздерін іркілмей айтып беретін», – дейді. Біз бұдан ғалымның танымдық жолдының өзіңді, ата- ана, ауылыңды, ұлтыңды танудан басталатынын аңғартатынын байқаймыз. Тіпті оның қалжың-әжуа қылып айтқан: «Менің маймылдан бергі атам әуелі петикантроп болған екен. Одан кейін менен санағанда он алтыншы буында Дәулетей деген мықты батыр бар. Осы Дәулетейдің ерлігінің, тапқырлығының, кайратының арқасында мен дүниеге келіп отырмын», – деп сайқымазақтануының түпкі төркінінде текті болу үшін бабалар қанының қызу мен ықыласына бөлінудің мәнінің ерекше екендігіне назар аударудан болса керек. Мен кіммін, бұл фәниге не үшін келдім, не істер атқаруым керек, қалайша адам деген асқаралы ұғымның үрдісімен шығамын деген толғаныс барша жас адамдарды мазалауы шарт екендігін көлденең тартады. Мәселе кім болуда емес, ел-жұртына, қала берді әлемдік өркениетке не беремін, не қосамын, дүние кірпіштің қай кетігіне қалай қаланамын философиясына мұғзар болуды ескертеді. Кім, кім болғанда да Үлкен Кім болуда ана шуағының құрсақтан кәмелетке дейінгі демеуінің ерекше екендігін аса зор ілтипатпен және өте нәзік баян етеді. Ол аталмыш повесте анасының әрі қарай оқығанын дұрыс деген ойын баяндай келе, «Маған осы сөздерді айтып отырған бұрынғы жеңге тұтып жүрген Ұмсын емес, кәдімгі анам екенін ұқтым. Мені тоғыз ай бойы құрсағында сақтап, ақ сүтімен емізіп, асырап күткенін маған бір де бір рет айтып көрген жоқ-ты, бірақ бұл жолы осының бәрін төтелеп айтпаса да сөзінің нақышымен, пайдалылығымен сездірді», – деп еске алады. Кітаптің әке өліміне байланысты беттерінде «Менің анам күйкі, от басында бажылдақ Ұмсын жеңгей емес екенін, қиыншылық болса абдырамай, босамай, дегбірсізденбей қарсы алатын ер әйел екенін осыдан білдім», – десе, сәл төменгі жолдарда «Анамның қалжыц сөзге бір басып қалмасы бар екенін жақсы білетінмін… Анамның ойындағысын ұйқастырып өлең етіп айта білетін шеберлігі барлығын әкем қайтыс болып, қаралы күндер туғанда бір-ақ білдім. Айғай-ұйғайға салмай, акырын ұйқаспен сөйлеп, осылай отыруының өзі қасиеті мен уайымы терең жатқаннан екенін кейін сездім», – деп ағынан жарылады. Ал «Асыл аға» атты естелігінде: «Қамзабай аға екеуі қатар отырып алып, жан дүниіесін ақтара сырласып, әзілдесіп отыратын, қалжыңдауға олар шебер болатын. ІІІешеймен, мен бұрынырақ айтқандай, ол тең дәрежеде сөйлесе алатын, бірақ өзара қарым-қатынаста оның өзінс ғана белгілі бір шекарадан аттап өткен емес», – деп еске алады. Ебіней Арыстанұлы туралы жазылған көптеген лебіздер мен пікірлерді оқығанда ана шуағының, ағамыздьщ төл пәлсафасы мен шынайы талантының бастамасы болғандығына көзіміз жететінін байқаймыз. Алып анадан деген ғажайып ой түйінінің тағы да бір айқындалғанын аңғарамыз.
Ебіней Арыстанұлы қаншалықты ұстамды болса, соншалықты ұлтаралық сүйіспеншіліктің ләззатына бөленген адам. Бұған дәлел ретінде ғалымның бұрынғы Совет Одағының құрамындағы барлығы дерлік республикалардың ғылым, өнер мен әдебиет алыптарымен араласып, сол арқылы бүкіл адамзатқа ортақ проблемаларды шешуге ат салғандығын айтуға болады. Ең ғажабы, ұлтының төл ғылымын, төл әдебиеті мен өнерінің парасаттылық деңгейін биіктетудегі ерлікке бергісіз еңбектері кез келген көзі ашық окырманды тәнті етеді. Бұл қасиеттер ғалымның шынайы болмысының калыпты формуласына айналған және оны баршамызға үлгі етіп ұсынады. Ебіней Арыстанұлының ұлтаралық тәрбис төңірегіндегі ойлары жалаң уағыз емес, адами істермен астасып жатады және соны дәріптеуде, Олжас Сүлейменов айтқандай, «тауларды төмеңдетіп, ойларды аласартпайтындай» нәзіктікпен ұсынады. Ойымызды айшықтау үшш повестен үзінді келтірейік. «Бір күні ауыл ақсақалы орыс жігітіне: -Уай, Мекайла, сен неге қазақ емессің? Сен сондай жақсы жігітсің. Сірә, орыс болмауың керек еді, – депті. Соңда қазақ тіліне судай Мекайла оған: – Ақсақал, сіз ақылды адам емессіз бе? Орыстың өз баласын өзінен аяғаныңыз не? Орыстың бар жақсы адамдары қазақ болып кетсе, орыста ылғи жаман адам қалады да, халықтар өзара қырқыса бастайды ғой. Сөйтіп, тынышсыз заман тумай ма? Одан да менің сол орыс күйімде қалғаным, сіздің сол қазақ күйінде қалғаныңыз дұрыс емес пе?, – депті.» Бұл жолдар ұлтаралық тәрбие туралы түсінікті парасаттаудың, ел-елді елдестірудің классикалық үлгісі екендігі ақиқат.
Кітаптың өн бойы адалдықтың айнасы және Ебіней Арыстанұлы адалдықты адам өмірінде кездесетін барлық қарым-қатынастың бастамасы ретінде қарастырады. Ар тазалығын барлық әрекеттің шыңы деген ой түйеді. Мұны біз ғалымныц ағайын-туыстарына, дос-жарандарына, ғылыми һәм әдеби проблемаларға көзқарастарынан анық байқаймыз. Ғалымның жазбаша мұраларын саралағанда оның болмысында «аямас қастыққа орай, айықпас өштіктің» (Абай) ізін де көрмейміз. Демек, алып тұлға өмір «сапасына» байыппен, парасаттылықпен, биіктік пен ұятты Ар тұғырынан қарай білген. Бұл Абай сөзімен айтсақ, тек қана Толық адамдардың қолынан ғана келетін құдыреттілік. Адалдық туралы пікірін түйіндей келе ғалым: «Ізін сүйгеннің қолын сүю шарт емес» деп қорытады. Бұл әрине даралардың, дарабоздардың философиясы. Демек, Ебіней Арыстанұлының бізге қалдырған ғылыми, әдеби һәм адами ойлары болашақ ұрпаққа сарқылмас қазына, адастырмайтып бағдаршам екендігін өмір дәлелдеген ақиқат. Іллайім, оралымды ойға торалымды зерделер жолыққай!
Профессор Н.Мырзаханов.