Өмір жалғасы – жастар

(Сұхбат)

Өткенге қарап шүкір айт,

Бүгінге қарап пікір айт.

Кезінде, жастар театр, концерт залдары сынды мәдени орталарға жиі барып тұрған екен. Ал қазіргінің жасы рухани жан дүниені байытатын киелі шаңыраққа бас сұқпайды деп кім айта алады. Өткеннің үніне құлақ түрсек, кешегінің жасы көз майы таусылғанша әдеби кітаптарды оқудан әсте бір жалықпаған. Және «кішіге – ізет, үлкенге – құрмет» танытып, әркез жан-жағындағыларға қамқор болуға тырысқан. Бүгінде, бұл мәселенің төркіні қатты өзгерген. Барлық адамгершілік құндылықтар карыз бен парыздың төңірегінде қалып жатқан сияқты. Сонда кешегі жас пен бүгінгі жас арасындағы үндестіктің бұзылуына не себеп? Бұл сұраққа қанағаттанарлық жауап табу үшін аға буыннан ақыл сұрауды жөн көрдік. Осы мәселе жайында Зоология кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Нұркен Мырзаханұлымен әңгіме былай өрбіген еді.

Тілші: Ата-ана, аға-әпкелеріміздің сөзіне сенсек, кешегі жас пен бүгінгі жастың бойынан үқсастық табу қиын көрінеді. Ұлттық болмыс, рухани құндылықтар сынды асыл дүниелер шет қалып жатқан секілді. Бұл неден туындаған кемшілік? Қазіргі заманның жастары жөніндегі пікіріңіз қандай?

Нұркен Мырзаханұлы: Жалпы, жастар қоғамның да, жекелеген ата-ананың да болашағы. Оларды бір ауыз сөзбен жаман деуге болмайды. Жастардың қазіргі жағдайы өте киын. Себебі, олардың ата- аналарының өзі ұлттық құндылықтарды бағаламайтын заманда өсті, өзін-өзі жете танымаған адамдар. Сондықтан, өздерінің балаларына дұрыс тәрбие бере алмады. Соның әсерінен балалар басқа елдердің әдет-ғұрыптарына еліктейді. Бұл балалардың нашарлығы емес, бұл – балалардың соры. Түріктің бір ғұлама ғалымы айтқан екен: «Адам өз ұлтының әдет-ғұрпын түсіне білуі керек, бүкіл болмысымен сүйе білуі керек. Тек сонда ғана ол өзге ұлттың құндылыктарын ұға алады. Өз елінің құндылықтары ол ұлттың құндылықтарынан кенде емес екендігінде көзін жеткізеді. Егерде, алда-жалда кем болып қалатып болса. өз елінің құндылықтарын басқа елдің құндылықтарымен қалай байытуга болады? Несін алуға болатынын ойланып, өзінің ішкі сенімін көтере алады, соған еңбек етеді. Бұлай болмаған жағдайда ұлт дағдарысқа ұшырауы мүмкін».

Қазіргі жастар өте білімді, алғыр. Шет тілдерін де біледі. Алайда, оларға жетіспейтін бір-ақ құндылық бар. Ол – өзін-өзі танымау. Соның әсерінен ол өз құндылықтарын кем санайды. Бұл кемшілікті жою үшін жастар төл мәдениетіне «өтіп кеткен бұрынғы заман» деп қарамау керек. Ол – мәдениеттің бір пұшпағы ғой. Қазіргі жастар оның тозығы бар деп айтуы мүмкін, ол рас. Бірақ тозығы жағынан емес, жақсылығы жағынан қабылдап, жаңа заманға бейімдеп, әрі қарай дамытса, шынайы ұлт дәрежесіне көтеріле алады. Басқа жағдайда барлығы да жаһандану процесінің нәтижесінде өз «Менін» жоғалтады. «Мені» жоқ адам – адам емес.

Жастар көбінесе «Жастар саясаты жоқ, бізбен ешкім шұғылданбайды» деген сылтау айтады. Мен айтар едім: әр азамат жоғарғы қасиеттерді дамытуды өз қолына алу керек; әрбір әдет-ғұрып талапқа сай қалыптасады. Өз ұлтының құндылығын бейімдеп, әрі қарай дамытса, ұлттың дәрежесі көтеріледі. Жастар шетелдік бірлестіктер құруға ұмтылады. Соның да ұлттық құндылыққа негізделген ұлттық түрін тапса, нұр үстіне нұр емес пе? Әрбір факультет, топтарға оқу тәрбие жұмыстарын бағдарлағанда әдет-ғұрыпқа бағытталған өнерді өркендетуге ат салысса, бірте-бірте құндылықтардың өте пайдалы екендігін түсінеді. Жастар өмірде де, ғылымда да осы бағытта жұмыс істесе. Құр жалаң ғылымның пайдасынан зияны көп. Кез-келген ғалым адам рухымен астасуы керек. Рухсыз ғылым – ол зиян ғылым. Бұл басқа ұлт өкілдерінің еңбегімен таныспа деген сөз емес. Соларды оқи отырып, сенің ұлтыңның да өмір тәжірибесінің кем еместігіне көз жеткізу, өзін-өзі іштей тану. Осыны түсінген ұрпақ бақытты болады. Мұхтар Әуезовтің қазақтар туралы айтқан мынадай сөзі бар: «Өз тілін игермеген халық басқа ұлттың тілін игере алмайды». Ұлттың тілі деген әр елдің рухани болмысы, соның шығу, қалыптасу тарихы емес пе? Соны үйрену міндет болып табылады.

Қазақта бір жақсы сөз бар: «Үйрен де жирен» деген. Қазірден бастап тәрбие жұмысын қолға алу керек. Сонда өздеріңді-өздерің қалай сыйлағаныңды білмей қаласың. Сендерді біріктіретін ортақ құңдылықтарың бар. Әр адам өзінің болашақ ата-ана болатынын ұмытпағаны жөн. Отан – отбасынан басталады.

Қорыта айтқанда әркімнің өмірінің жақсы не жаман болуы тікслей өзіне байланысты. Тіпті әрірекке баратын болсақ мынандай бір сұрақ бар. О бастан Алла Тағала адамдардың бәрін бірдей жаратқан екен, яғни қабілетті, ден саулығы бірдей болған. Дегенмен өсе келе біреуі жақсы, біреуі жаман, біреуі бақытты, біреуі бақьтсыз болыпты. Мұның бәрі адамның өз колымен жасалған дүние. Көбінекей осы мәселенің түп негізінде ұлттық кұндылықтардың тереңіне бойламағандық жатады. Еліктеудің аты еліктеу. Кез-келген адам тірлігіндегі қарекет ішкі байлықпен тұтасып жатуы керек. Ол жүтаң болса көрінгеннің жылтырағына қызға береді. Нәтижесінде, қазақ айтпақшы: «Біреу қыз алып қағады, біреу су алып шашады» дегеннің дәрежесіне жетеді.

Ең бастысы, құндылықтарды өте жас кезден қалыптастыру қажет. Тіпті қазіргі ғылымның пайымдауынша адамның бойындағы ұлттық болмыстың өзі қоғамда емес, ананың ішінде жатқанда қалыптасады. Анасының ойлайтын ойы, іс-әрекеттері түгел дерлік баланың қалыптасуына әсер етеді. Мәселе мынада: құрсақтағы нәрестенің дұрыс жетілуі бүкіл әлемнен және жатқан ортасынан алатын ақпарат пен анасының қабілетіне тікелей байланысты. Сондықтан, қыздардың тәрбиесінде үлкен философия жату керек, ал ұлдарымыздағы философияның шеңбері одан да ауқымды болуы тиіс. Әлемде небір жақсылықтар толып жатыр ғой. Ол игіліктерді сол күйінде қабылдамай, сол арқылы өзінің құндылықтарының мүмкіндігін арттыруға тырысу қажет. Сонда ғана әлемдік қауымдастыққа өзімізге тән бет-бейнемізбен кіре аламыз, өйтпеген жағдайда түк те шықпайды.

Ертедегі Үнді халқында мынадай бір нақыл бар екен: «Жақсы әйел саған құл ретіңде қызмет етеді, ақылшы сияқты кеңес береді, сұлулықтың құдайы сияқты ажарлы, жер сияқты шыдамды, әрі төзімді болады, қамқор ана сияқты тамақтандырады, бала сияқты рахатқа бөлейді. Жақсы әйел алты түрлі қасиетті жинақтаған бір бүтін іспетті». Көрдіңіз бе? Ал қазіргі қыздар ұлдармен теңесуге тырысады. Шындығында ұл баланың дәрежесі мен қыздың болмысы екі бөлек. Әйел бүкіл ұлттың танымын жоғарылатады, болашақ ұрпаққа бағдар береді. Теңдікті дұрыс түсіне білуі керек. Теңдік дегеніміз – әр азамат пен азаматшаның өзіне жүктелген жауапкершілігін түсінуі.

Тілші: Жаңа өз сөзіңізде бала тәрбиесі ана құрсағында жатқан кезде басталуы керек дедііз. Қазіргі кезде ата- аналары мансап қуып, балаларын бала күтушілердің қолына, не біреулерге тастап кетеді. Кейін келе мұндай жағдай ата-ана мен балалардың өзара түсінушілігіне қиындықтар әкелуі ықтимал. Бұл жағдайда ие істеуге болады?

Нұркен Мырзаханұлы: Жаңа қоғамда адамға жұмыс істеу міндеті жүктелген. Бірақ анасы баласымен бір, бір жарым жылдай отыруы керек. Себебі, ана мен баланың арасында бізге белгісіз жағымды байланыстар бар. Ол қатынас үзілсе, баланың анаға деген, ананың балаға деген мейірімі толық болмайды. Осыншама уақыт тығыз қарым-қатынас болмаса да баласын балабақша мен мектепке бергенде де байланыс орнату кеш емес. Әрдайым тәрбие жұмысына белсене араласып, баланың бойындағы барлық рухани болмыстың қоғамдық болмыспен қауышуына жағдай жасау керек. Адам өмірге күн көру үшін ғана емес, рухани жетілу үшін туады. Бүгінгі таңда балабақшалар көптеп ашылып жатыр. Сондықтан, отбасы бар жақсылығын балабақшаға енгізгені жөн. Бұл әрине нұр үстіне нұр болар еді.

Экономикалық-әлеуметтік дамуда ілгерілеу бар, ал рухани өрлеудегі белестер аса көп емес. Әсіресе бұл орыс мектептерін бітірген оқушылардан айқын байқалады. Олар өз ұлтының бағасын толықтай сезіне алмайды.

Тілші: Көшеде де оку орындарында да, жастардың орысша шүлдірлссіп жүргснінс кез боласың Орыс тіліндс сәйлеу үлкен дореже сннқгы ма деймін? Оган қоса діи мәселссі де өршіл түр. Басына орамала байлагап қыздирды нс мүсылман, не секта ексні рстіндс қабылдай алмаймыз. Қазақтың тәп-тәуір үл-қыздары озгс ұлттың азамаі іарымеи огбасын қүруда. Осы жагдайлардын барлыгы жішальш келгсндс шешімін таннай түрган үлксн үлттық мәселегс айналады. СЛздін ойыңызша бүл тыгырықтан піыгар жол қайсы?

          Нұркен Мырзаханұлы: Тіл – ұлттың жаны. Тілсіз ұлт өледі, өшеді. Сондықтан да ұлттық тілді сақтау қажет, ол ұлттық дамудың айнымас кепілдігі. Өз тілін сақтай алмаған көп ұлттар жойылып, сіңісіп, бет-бейнесінен айрылып қалды. Мұны ұлттық геноцид дейді. Кеңес одағы уақытында ел басқарған Сталиннің саясатынан Сібірдегі ұсақ ұлттар таза жойылып, тарихта қалған жоқ. Осы төңіректе бір қызық мәселе бар. «Алла осыншама ұлтты неге жаратты?» деген сұрақ туады. Бір-ақ ұлтты жаратса да қолынан келер еді ғой. Сөйтсе, әр ұлттың өзіндік даралығы бар екен. Мезгіл-мезгілімен әр түрлі халықтың биологиялық санасы артады, мәдениеті жоғарылайды. Ол әлемдік мәдеіниеттің дамуына үлес қосады, сол үшін оны көздің карашығындай сақтау орынды.

Ал енді генетикалық жағына келейік. Мысал үшін Америка, Франция секілді билігі үстем мемлекеттер кара ұлттарды бағындыруға ұмтылды. Қазір олардың барлығы да мұныц мүмкін еместігін уқты. Бұл мәселеге бүкіләлемдік қауымдастық илана қойған жоқ. Табиғат заңын бұзуға болмайды. Қазір еліміз капиталистік кезеңге бағытталып келеді Тұрмыстың бәрі ақшаға, дүниеге негізделген. Америка, Қытай елдері эфирдің көп бөлігін иемденіп алып, бар әлемге қызықты, тыңғылықты хабар таратады. Бұл ақпараттық қысым көрсетудің бір түрі. Ал дін адамның ішкі болмысының тұрақтылығын қалыптастыру үшін қызмет етеді. Біздің президентіміздің көптеген дін өкілдерін жинаудагы мақсаты – ұлттардың бір-бірімен сыйласу, жақсы нәрселерді үйрену, тәжірибе алмасу қажеттігін айкындау. Сондықтан, Қазақстанда көптеген мешіттер, шіркеулер салынуда. Бұдан, әрине, жедел нәтиже күтуге болмайды. Талай жастардың мешітке баруы рәсімді дәрежеде ғана қалып қойған. «Көрші немесе досым барса, мен де барайын» дегендей оймен емес, жан дүниесімен сеніп барғаны абзал.

Тілші: Осы айтылған өмірлік қағидаларды, ұлттық болмысты бойына сіңірген болашақтың жастарын калай елестетесіз?

Нұркен Мырзаханұлы: Әрине, адамның өзіне мақсат қойып, келешекте біреу боламын дегені дұрыс-ақ. Бірақ кез-келген пенде өзінің пенде боламының төңірегінде шектелмеуі шарт. Оның боламыны басқаның боламынымен қалай ұштасатынын да ескеру керек. «Берген бай емес, алған бай» деген үлкен бір қағида бар. Біреуге білім берсең, кедейді мүсіркесең, көршіңмен сыйлассаң сенің артыңда жақсы сөз, ұмтылмас естелік қалады. Адамның артына байлық қалмау керек, оның тындырған істері байлық болып қалса керек. Мысалға, сен министрге тұрмысқа шықсаң, ата-анаң сонысымен қатты мақтанады. Бірақ, біздің баламыз адал азамат, кайырымды жан, әрбір адамның көңілінен шыққысы келеді деп айтпайды. Көп жағдайда мінген қымбат машинасын, тұрып жатқан бағалы пәтерін сөз қылысып, мәз болады. Орыста бір жақсы сөз бар: Жұмысқа шыққанда 10-15 жыл жемісті жұмыс істеп, беделге ие болсаң, уақыт өте келе сол беделің келер жылдары саған қызмет етеді. Оны қазақшаға аударсақ былай болады: Жасыңнан адамды сыйласаң, кейін елеусіз қалмайсың. Биік дәрежеге көтерілесің. Ал сыйластықтты сатып алған адамның досынан жауы көп болады. Кейбір қалталы азаматтардың сатқындықтарға ұшырап жатқандары да сондықтан ба деп ойлаймын.

Тілші: Нұркен аға, әңгімеңізге көп рахмет! Сіздердей ағасы бар ұрпақ жаман болуға тиісті емес!

«Дүниені түзеткің келсе, әуелі өзің түзел, сонан соң балаларың мен достарыңды түзе» деп шығыстың данышпаны айтып кеткендей-ақ, тура осы мәселе жайында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті «Экономика» факультетінің студенті, 21 жастағы Бейбіттің де пікірін білдік.

Тілші: XXI ғасыр жасын мақтайтындар бар. Алайда, даттайтындар да жетіп-артылады. Замандастарымызға деген қоғамдық пікірдің соншалықты түбегейлі өзгеруі неліктен? Мұны батыстың ықпалы деп қарастыруға бола ма?

          Бейбіт: Батыстың мәдениеті екі түрлі ықпал етеді. Біріншіден, шетел мәдениетінің Моцарт, Бетховен сияқты жарқын өкілдерінен үйренетін нәрселер баршылық. Екінші жағынан, арамызда көлденең нәрселерге бағынып, еліктеп кеткендер көп. Қарапайым мысал ретінде киім үлгілерін қарастырайық: жігіттердің киімдері құдайға шүкір жөнге кследі, ал қыздардың киімдері ойдағыдай емес. Жақында өткен «Көңілді тапқырлар клубында» мынадай бір тамаша әзіл болып еді: «Базарда толып жатқан матадан, қарындас, сізге жетпей қалды ма?». Мен мұнымен толық келісемін. Сонымен бірге таныс дәргіерден қыздарға биік өкшелі аяқ киім кию зиянды дегенді естіп едім. Қыздардың бел жағы да ашық жатады, ол болашақ балаға теріс әсерін тигізетіні анық. Ұлттың демографиялық саны емес, сапасы, денсаулығы мықты болуы керек. Бұл жағдай болашақ аналардың өзіне тікелей байланысты. Шылым, алкагольді ішімдіктер сияқты зиянды нәрселердің адамға еш пайдасы жоқ екені белгілі. Жігіттердің арақ ішіп, темекі тартуы жаман болса, қыздардың мұндай қылықтарға еліктеуі одан да жаман. Себебі, ол бойжеткендердің әдемілігін, нәзіктігін жояды.

Тілші: Сіз адамның сырқы өң-келбеті, сыртқы көрінісі жайлы көбірек айтып кеттіңіз. Алайда адамның рухани құндылықтары да маңызды ролге ие ғой. Мысалға, жастарымыздың театр, мұражай сияқты мәдени орындарға аз баратындығы неліктен?

Бейбіт: Жастар театрға бара коймайды. Есесіне концерттер мен «Көңілді тапқырлар клубына» көп барады. өйткені ол студенттер мен жастардың ортасы; бұл жерде жастары шамалас адамдар көп жиналады. Ал өсіп келе жатқан ұрпақ театр мен мұражайларға бару үшін бала санасына сапалы, рухани уызға бай тәрбиені балабақшадан сіңіру қажет. Кейін келе, мектеіптегі ұстаздар мен тәрбиешілер оқушыларды мәдениет орындарына апарып, шынайы өнер туындыларымеп қауыштыруы абзал. Олар балаларға рухани бұлақ бола алады. Міне, сонда ғана нағыз азаматтарға тән ұлтжандылық, отансүйгштік сынды қасиеттер қалыптасып, мәдени игіліктердің ролін күшейтеді.

Тілші: Соның өзінде жастардың басым бөлігі мәдениет, өнер ошақтарына өз еркімен емес, мұғалімдер мен оқытушылардың нұсқауы бойынша ғана барады.

Бейбіт: Мұнда жастардың қызығушылығы мен сана-сезімінің маңызы зор. Мектеп балалық шақтан оқушыны жақсылыққа үйретсе, үлкен өмірге кіргенде де өзінің ұстанымдарынан таймайды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, ата-анасы, балабақша, мектеп, университет белсенді түрде араласса, одан жан-жақты дамыған тұлға шығатыны анық. Ертеңгі күні мұндай адам өз отбасын құрғанда да балаларына сәйкесінше дұрыс тәрбие беруге ұмтылады. Бұл орайда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал өте дұрыс айтылған деп ойлаймын.

Тілші: Жастар ісі жөніндегі комитеттің атқарған игі істері қаншалықты пайдасын тигізуде?

Бейбіт: Жастар ісі жөніндегі комитет қазірдің өзінде көптеген ізгі шараларды жүзеге асырды. Мұнда келген студенттер «бос уақытымды қалай өткіземін?» деп ойланбайды. Дарынды, ізденімпаз жастар үшін әртүрлі үйірмелер жұмыс жасайды. өлең оқып, ән айтам десе, арнайы шығармашылық ұжымдар түрлі концерттер өткізеді, соған қатысуына болады. Тілі шешен, қоғамдағы өзекті мәселе жайлы өз көзқарасын білдіре алатын студенттер үшін пікірталастар мен дебаттар ұйымдастырылады. Және де, олар Қазақстан Республикасының жастар саясаты туралы қандай да бір мәлімет білгісі келсе, студент жастар ісі жөніндегі комитетке барып, сонда өзіне керекті ақпараттың бәрін ала алады.

Тілші: Болашақ елдің ұрпағын қалай елестетесіз?

Бейбіт: Технология дамыған сайын жастар да заман ағымынан қалыспай келеді. Бұдан бірнеше жыл бұрын адамдардың ұялы телефон, олардың құрылыстары мен жұмыс істеу припциптерін айтып бере алады. Достарым 9-10 сыныптарда оқып жүргенде мұғалімдерімен Англияға барып келді. Онда Италия, Испания, Франция сынды дамыған елдердің өкілдері жиналған екен. Сол жолы біздің оқушылар оқу орындары мен мәдени мекемелерге барғанда өздері өзі өте жақсы жағынан көрсетті. Сонда басқа елдің мұғалімдері, тіпті есікте тұрған швейцарға дейін, таң қалған көрінеді. Сырт ел азаматтары біздің балалардың жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстауының сырын сұрапты. «Біздің оқушыларымыз тыңдамайды, арақ ішеді», -деп қырықтар шамасындағы ұстаз өз шәкірттеріне деген қынжылысын білдірген ексн. Ал біздің балаларды апарған оқытушы небәрі 22 жаста! Сондықтан, келешекте де жастарымыздың бетке ұстар азаматтар болып ер жететіне, өркениетті елдердің қатарына қосылғанда жерге қаратпайтынына сенемін.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды

мемлекеттік университеті

«Журналистика» факультетінің студенті

Г. Жетпісова.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17