Экологиялық зерде немесе экологиялық имандылық

(Сұхбаттар)

Бірінші сұхбат

(Алғашқы арналар)

Халқымыз қашанда табиғат (тәңір) пен адамзат арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ететін ұлтымыздың ең айшықты , ең биік талғам – дәстүрлері мен мұсылманшылықтың шарттарын шынайы байланыстыра білгсн. Осы орайда Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) діни – рухани жүйесіндегі мұсылмандық, интеллектуалдық, суфистік тәлімдерінің маңызы зор (Қожа Ахмет Яссауи). Осы негізде соңғы ғылыми жаңалықтар экологиялық имандылықтың негіздерін түзуге мүмкіндік тудырады және олардың төменгі танымдық категориялардан тұратындығын айту абзал:

И – инабаттылық – табиғаттың барлық мүшелерінің қажеттілігі және теңдігі;

М – мәдениеттілік – табиғаттың құрамды бөліктерінің арасындағы үйлесімдіктің нәзік байланыстарын игеру;

А – адалдық – табиғаттың тылсымына қол тигізбес бұрын арыңмен ақылдасу;

Н – нысаптылық – табиғат қорына, кенішіне мұсылманшылықпен қарап, қанағаттылықпен игеру;

Д – даналық (білімділік) – табиғат сырын, оның тылсымын ғылыми түрде игеру, табиғатты үйретпеу, оның ыңғайына жығылу;

Ы – ынтызарлық – табиғат тек қана қажеттілікті өтеу көзі емес, ол сенің ата қонысың, аңсап сағынатын, еркелеп назданатын ортаң екендігін есте ұстау;

Л – лепірмеу – табиғат қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу кезінде көп зәбір шегуде, сондықтан адам әрекетіндегі зерделі ақылдан гөрі «айттым – бітті» сияқіы лепірушілікке жол бермеу;

Ы – ықыластылық – табиғат тіршілігі бүгінде бір ұлт, бір ел емес, бүкіл адамзат қауымының экологиялық зердесін үйлестіруді қажет ететіндігін мойындау, соған ықыластандыру;

Қ – қайраттылық – табиғаттың жаңғыру заңдылығы мен экономикалық, демографиялық және саяси ахуалдардың арасындағы көбінекей ұштаспайтын, үйлеспейтін қарама- қайшылықты шешуде ғылыми, ата-баба тәжірибесінің ең тиімді жолдарын енгізудс азаматтық төзімділік көрсету.

Беттер: 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17