1991 жылдың қазан айы қазақ елінің Рух болмысының жаңа ғасыры, жұлдызды сәті болғандығы мәлім. Кішісінде – махаббат, кәрісінде – мархабат қағидасы мен замана жүгін арқалап келе жатқан қарапайым да ұлы сілкініс басталды. Көптен ұмыт болган бірегей батырлық, бірегей данагөй, біреігей озық болмыс-тіршілігіміздің мүлгіп кеткен санасында от жанды. Қазақ аспапында жүрегі мәрт Хас батыр пайда болып, жүрегі бар барша нәсілін басқаша ойлап, басқаша сезінуге мәжбүр етті. Ұл мен Ұлт деген үғымның арасындағы генетикалық байланыс қайта бой көтерді, барша қазақ өзін ұлымын деп мойындады. Ұлылықты әспеттейтін ұлдардың ұлт жатырында суалып қалмағандығына қуанды, марапатталды, тәубеленді және үміттенді. Үміттенгені сол емес пе, сол жылы Қазақстанда туған барлық ер балалардың 70-80 пайызы Тоқтар есімін иемденіп, иемденіп қана қойған жоқ, естенді, болашақ дүниенің өркениеттер пұшпағында қазақтың да қара ұлының бағы жанатындығына кәміл сенді, халқымыздың бойында иманды мүмкіндіктердің үкісі желбіреді. Жасық болмай қайсар болатын, әлемдік озық оймен көз көрмеген, құлақ естімеген игілік істерде алда болатын ұрпактардың Рухы бой көтерді. Ата жолын көрген ұрпақтың өзіпде ата аманатына сай ғажайыптар жасай алатындығымызға марғұланды. Тарихымызда Тоқтар феномені деген түйсік-түсінік калыптасты. Ұрпақ тек Токтар ерлігін мақтап қана дүрлікпей, Тоқтар ерлігімен мақтанатын оймінбесіне көтерілді. Тура осы күндері, тура осы сәттерде мен де еліміздің барша халқымен қатар қуанып, Тоқтар ерлігіне арнап төмендегі жолдарды өрнектеген едім (Бұл өлең Тоқтар Аубакиров ғарышқа «Союз ТМ-13» космос кемесімен ұшқан күні АЗЛК-2140 машинасының әйнегінің үстінде жазылды. 2 қазан 1990ж.):
Аталарым ат мінген,
Далада желмен жарысқан.
Бойын тіктеп өзге елден,
Арманы озу жарыстан.
Арманы оның биік-ті,
Күн ұлы болу ардақты.
Жерұйық іздеп халқына,
Әлемді оймен шарлапты.
Қамығыпты, шаршапты,
Жай таппай жаны, болып пәс.
Атына қанат байлапты,
Жігерін жағып, әрбір сәт.
Мақсаты баю, мал емес,
Ынжықтыкты мансұқтау.
Рухы биік, келісті,
Ұрпақты баулу, байыптау.
Бойында болса ұланның,
Батырлығы халқының.
Ойында болса ұрпақтың,
Шешен -билердің дарыны.
Мінезінде болса ұланның,
Еліне дегсн махаббат.
Есінде болса ерінің,
Әлемиятқа үлгі мархабат.
Ізгілікті бабамыз,
Арманын барлық тізбепті.
Рухы биік батырды,
Алла-тағаладан тілепті.
Жылдар ғасыр құрады,
Тілеген тілек, боп арман.
Құдайым иіп, нұр жауып,
Тоқтар боп арман оралды.
Күн ұлы Тоқтар болды да,
Ғарьшқа алыс бет алды.
Адамзатқа, баршаға,
Ассалаумағаләйкүм деп жар салды.
Жұлдызы жанды қазақтың,
Әлемге аян нәсілі.
Көмекейіне мазақтың,
Қағылды қазық намыстан.
Батырлардьщ батыры,
Рухын елдің діттеген.
Ғаламшарға қазақтың,
Отауын тіктің деп білем.
Ойымды несін жасырам,
Демеймін мақтау асырам,
Халқымның болдың ұраны
Тоқтарым, Тоқтар – асыл жан.
Міне бүгінде аңызды ақиқатқа айналдырған сәттердің куәгері барша Қазақ және Қазақстан жұршылығымен қатар Тоқтар құрдасыма ұрпағының ұрпағына үлгі еткен, кісілікке, кісілігіне құрметпен алғыс айта отыра, сенің ғарыш сапарың ізгілік пен руханияттың мәңгі баспалдақтарына айнала берсін демекпін. Алпысың алыстың мерейіне ұласқай. Бұған куә өзіңнің әріптестеріңнің жетістіктері, бүгінгі KazSAT, болашақтағы өзің отау тіккен космос кеістіктеріне сапарлар жемісі болатыны ақиқат.
Жүрегі – мәрт, жаны – жомарт,
ерен – ер,
Есендікте, құтты ғұмыр
көре бер!
Профессор Н.Мырзаханов.