Ізгілік – оң, ессіздік – сол, жүгің – ар…

Оңың – ұжмақ, солың – тамұқ, біліп ал!

Ж.Баласағұн.

Қазіргі заман өзгерді, білімге, ғылымға көзқарас өзгерді. Осыдан сексен жыл бұрын Жүсіпбек Аймауытов жазғандай: «Адам тәрбиенің құлы болуға жетпей, әлі күнге дейін табиғаттың құлы болып жүр», – деген ақиқаттың қазіргі заман талабына сай дамудың пәлсафалық іргетасы іспетті екенінс көз жеткізу абзал. Бұдан туындайтын ой ғылыми ізденістердің осы уақытқа дейін өз нысанасын әдетте ақиқат шындығы, жалпы мәнділігі тұрғысынан ғана қарастырмау керектігін, ғылыми талдау ісі жіктеп-бөлшектеу, ойша саралау, қылыбын табу, қисынын келтіру арқылы жүзеге аспау қажеттігін меңзейді. Өйткені бұл қағида ғылыми ізденіс жолында дүниеге көзқарас тұтастығының сақталуына мүмкіндік бермеуі ықтимал. Гегель «Табиғат философиясы» еңбегінде осындай қатынастан туатын қауіп-қатерге байланысты Гетенің бір шумақ өлеңін келтірген:

Бір ғажабы, табиғатты талдаған,

Химияның хикметін аңдаған:

Бөлшектеумен өрге баспас ол да аса –

Рухани тұтастығы болмаса.

Сөз жоқ, адамтану зиялылығы осы парасаттылықты ой түбінде ұстауды қажет ететіндігі ақиқат. Айтылмыш ой одағай ұстаныс емес, адамзат тарихының таным философиясының генезінде өрбіген үрдіс. Оған мысал ретінде жаратылыс жұрағатына жан дарытушылық (анимастикалык), ғарыштық ұғым-түсініктер – тәңірлік (тотемдік), киелілік (фетиштік), сиқырлық, шамандық, аталық (патриархат) және аналық (матриархат) мифологиялардың сұсты жаңғырығы, ақыл жетпейтін шым-шытырық (иррационалды-стихиялық), хнотизм әсерлерін алатын болсақ, дуниені біртұтас жанды тіршілік деп қарастыратын ежелгі көзқарастар галереясының жұрнақтарын көреміз. «Білім дегеніміз – тұнып тұрған ғажайьш жыр ғой», – деп жазған екен Н.Паустовский. Жыр ойдан туады, сөз болып төгіледі, жарияланады да танымдық категорияға айналады. Сонымен қатар сөз адам геномының құрамдас бөлігі, адам санасының айрықша, бірегей қасиеттерінің бірі екендігін бүгінгі ғылыми үрдістер дәлелдеп отыр. Ақындық жарияда ғалымдар сияқты дүние болмысының, оның ішінде адамдар болмысының біртұтас сұлулық, ғылыми келбетін айқыңдау жолында бірін – бірі толықтырып, байытып отырғандығы ақиқат. Осы орайда ақындық өнерді  сезім шеңберімен шектеп, ал ойлау жүйесін біржақты ғылым игілігі деп түсіну дүрыс емес, керісінше ғылыми жәнс көркемдік үғымдарды біртұтас таным жүйесінің қос желісі деп қарастырған абзал. Шәкәрімнің шын мәтіндегі адамтанушылық даналығы һәм ғылымының сыры да осы өңірден аңғарылады. «Терең ой, түзу тәрбиесі бар адам ғайыптан хабар береді.  Әулие сол болса керек» – дейді Шәкәрім. Әлбетте, осы сөідерді Шәкәрімнің өзіне қаратып айтсақ еш қателеспейміз. Адамтанудағы Шәкәрім даналығының  әмбебаптығы мен тереңдігі оның адам табиғатына әрі нақты, әрі  абстрактылы, әрі қүбылыс, әрі мән және әрі қатынас ретінде  қарастырылуында болса керек. Мұны біз ақынның «Пайғамбар Мұса жолықса» атты өлеңіндегі төмендегі жолдардан көреміз:

Көрмеді сынап дүниесін,

Білмеді құдірет иесін.

Денеге жанды жегізіп,

Таба алмай қойды иесін,

Затшылдық көзін байлады,

Адастырып айдады.

Жан билемей, тән билеп,

Ақылдың соры қайнады.

Ғылым деп боқты жегізді,

Тәнсіз зат жоқ дегізді.

Дәлелсіз пәнмен перделеп,

Тапқызбай қойды негізді, –

немесе:

Жан мен дене қосылған ерлі-қатын,

Екеуінен туады көңіліміз, –

деген пайымдауларынан аңғаруға болады. Бұдан біз Шәкәрімінің жан мен  тән бірлестігінің адам табиғатын қалыптастырудағы орнын ғылыми негізде  қабылдайтындығын аңғарамыз, ғылым жолына бас қойып, өлең өрісін кеңейте түсетінін көреміз. Халық қазынасын жаңаша таразылап, ғылыми үрдістер негізінде пайымдайтығына көз жеткіземіз. Жалпы Шәкәрімнің адамтану философиясы тацданыс, табыныс және құштарлық сезімдер мен ізденістер, тұжырымдар мен соны көзқарастарға жетелейтіндігі шүбә келтірмейтін ақиқат. Алайда осы туындайтын қаракеттердің кереметтілігі, өз  ортасының өресінен әлдеқайда кең байыптау кеңістігінен нәр ала білуімен  таңдандырады. Халық жырларында айтылатын:

Оң жақтан үнді, парсы, араб келген,

Сол жақтан шүршіт, моңғол, қалмақ келген.

Батыстан Балқан елі қатынасса,

Шығыстан Қытай, Қашқар шәй әкелген, –

деген жолдарда айтылатын қазақ елініц оңы-солы, батыс-шығысының сол бір замандағы Балқан, Грек, Хан және Ұйғыр елдері мәдениетімен жете таныс екендігін және оның білігіне деген таңданыстың танымдық өрені қажет ететіндігін айту абзал. Сонымен қатар, Шәкәрім әлеміне басталған соны ізденістер оның жәй ақын емес, хакім ақын екендігіне көз жеткізе түскендей. Әлбетте, оның адамтану даналығы көне заманның «Ақындар пірі» аталған, қытай жазбаларында айтылған, Ли Бай (Тайбай, 701-762жж.), одан бұрынырақ қытай тілдерінде жазған қаңлы ақыны Потодтан (232-348жж.), ақын-сазгер Хатудан (586ж.), қыпшақ ақыны Сағидолла (1272ж.), қаңлы ақыны Боқүм (1255-1300жж.), дулат ақыны Хытянт (1247-1313жж.), қаңлы ақыны Сәрсен (1295-1345жж.), қарлық акыпы Нәйжаннан (1310-1368жж.) бастау алатын сол бір гүлденген ғылым мен мәдениет орталықтары Бесбалық, Шамбалық, Наймансүбе, Баласағүн, Отырар сияқты әлемді тәнті еткен, тарихта Отырар-Қаратау мәдениеті деген атпен танылған замандарға иек артатынын ескерген абзал. Әлбетте, бұл рухани байланыстар ақынның төл еңбектерінде аталатын немесе ол өмір сүрген тарихи-болмыстық  кеңістікте шығармашылық жасаған акын-жазушылар еңбектері, атап  айтқанда Әбу Нәсір әл-Фараби (870-950жж.), Сымайыл әл-Жауһари (1010ж.),  Ахмет әл-Фараби (1174ж.), Ахмет Ясауи (1094-1166жж.), Әбілқасым әл-Фараби (1130-1210жж.), Әбдіүгнеки (ХІІ-ХШ ғасырлар), Смаил әл-Отырари  (1488ж.), Дауыт Әбілбақи Түркістани, Қыдырғали Жалайри арқылы іске  асқандығы күмән тудырмайды. Бұған ақынның «Жасымнан жетік білдім…» өлеңінің жолдары бірсыдырғы дәлел болары ақиқат. Ол:

Жасымнан жетік білдім түрік тілін,

Сол тілге аударылды барлық білім.

Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,

Жарқырап қараңғыда туып күнім.

Оятқан мені ерте Шығыс жыры,

Айнадай айқын болды әлем сыры.

Талпынып орыс тілін үйренумен

Надандықтың тазарып, кетті кірі, –

деп ағынан жарылады.

Адамтану үрдісіндегі Шәкәрім даналығы оның көрегендігімен, ғылыми дәлдігімен және адам болмысына жан-жақты үнілуімен табындырады. Табиғаттағы заңдылықтардың бастамасы ұлы үйлесім – гармония екендігі белгілі, ал адам болса жер бетіндегі нығмет жаратылған жан иесі. Оның сан қилы болмысына және оның бастауларына Шәкәрімдей терең бойлаған хакім кемде – кем. Ол адам қасиеттерінің барлық қырларына: адалдық, әділеттілік, шындық, төзімділік, табандылық, шыдамдылық, қадірлеу, құрметтеу және қастерлеу, тәкәппарлық, асқақтық, көркем келбет, сипат, Аллаға мадақ, ғибадат ету, құлшылық жасау, өзін тыю, қанағат ету, ақиқатты түсіну және  оған сену, қайырымдылық жасау және әрқашан таза болу амалдарына бас  көзімен емес, ой көзімен терең бойлайды, «Алланы сүйсең – адамды сүй» – дегендей құмарлықпен қарайды, жан мен тән тазалығына жеткен адамның үшпаққа жететіндігіне және оның мәңгілік орнының жаннатта (жұмакта) болатынына сенеді. Ойымызды өрнектеу ниетімен ақын өлеңдерінен үзінділер келтірейік. Мысалы:

Не қылсаң, қыл адамға махаббат деп,

Мейлің сөк, мейлің үйрет, айла ізденбей.

Ол сүйуің шын болсын, жалған емес,

Бұлдыр болма, өзіңе өзің сенбей.

Дүниеқұмар, залалкес бола қалсаң,

Өлімді ойла келетін күні ертеңдей.

Маған сөйтсе қайтер ем деп ойлашы,

Адамның баласы ғой ол да сендей.

Шырақтар, ең құмарың осы болсын,

Алланы сүйсең – адамды сүй дегендей.

Немесе:

Дос мақтаса, не пайда онан саған,

Дұшпан сөксе не кемдік көрдің жаман.

Шын сөзімен мақтаса, иә боқтаса,

Мақтау -пайда, зиян ба жамандаған.

Тағы да:

Ынсап, ұят, ар, рақым, сабыр, сақтық,

Талапқа алты түрлі ноқта тақтық.

Алтауының ішінде ынсап әділ,

Өзгесінің тізгінін соған ұстаттық.

Немесе:

Құдайдан жарылқа деп жәрдем сұра,

Сен талайды қылдың ғой біле тұра.

Аяғыңды аңдап бас, өлім таяу,

Қарсы алдыңда дайын тұр қазған ұра.

Тағы да:

Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,

Ермейсің деп елім жау, досым баяу.

Сүйер кісім сүйенер, жақыным жоқ,

Бір өзіңе сиындым, бар құдай-ау.

Немесе:

Адамзат өзін-өзі сынау керек,

Тазалық, әділдікті ұнау керек.

Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,

Ақтан көрген бәлеге шыдау керек.

Тағы да:

Қалпы өткізбе өмірдің бір сағатын,

Өкініші қалмайды кетсе ағатың.

Күні-түні дем көрме, ғылым ізде,

Қалсын десең артыңа адам атың.

Немесе:

Құба төбел дегенді ұқсаң керек,

Орынсызды істеме болсаң зерек.

Мүйізі бар кісідей едірейіп,

Өзге жаннан болмасын түрің бөлек.

Тағы да:

Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,

Зүлымдықты жалғанда әділ жеңбес…

Бөлектігі адамның таза ақылда,

Әлің жетсе, жол тап та, осыны емдес!

Соңғы шумақ:

Сен бола көр аққа жақ, болам десең адам.

Адал еңбек берер бақ, бассаң соған қадам.

Айнымайтын ақ жүрек пен таза ақылды жанның,

Таппасы жоқ бұл өмірде, осыны ұқ, балам!

Ақын өлеңдерінен келтірілген жыр жолдары, өлең емес, адам болмысының таразысы һәм рухани пәлсафасы, адамтанудың тәсілі ғана емес – әрі нақты, әрі абстрактылы мәні мен қатынасының айқындалу  құбылысы – адамтану ілімінің даналықтары.

Шәкәрімнің адамтану философиясына деген қазіргі замандағы өскелең құштарлықты адамзат парасаттылығының сабақтастығы деп қарастырған абзал. Әлбетте, адамның кемел болмыс еместігі о заманнан белгілі болғандықтан, оның «абсолютіік таным» иесі бола алмайтындығы ақиқат. Адамның ең дұрыс танымға жету жолы – ғылым, ал адамтану ғылымына келетін болсақ, Шәкәрім даналықтарының актуальдылығы күннен күнге арта бермск. Өйткені ақын қағидаларының негізі – адал еңбек, ақ жүрек, арлы  ақыл болашақ ұрпақтардың білім-ғылым әлеміндегі адам тұгырының асқарлы шыңдарын игерудегі бағдаршам екендігі күн сайын айқыңдана, ашыла  түспек. Әлбетте, ақын сөзімен айтқанда «арлы, ақылды адам қиянатты,  зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді». Айтылған  ойларға санамен қарасақ, Шәкәрім даналықтары ұлтымыздың бүкіл  имандылық портретін, оның рух заңдарының жаңа заман үрдістеріне  байланысты қалыптасуына, тұрақтануына және жаңғыруына қол үшын  беретіндігі ақиқат. Имандылық парасатына, имандылық дәріске, имандылық тереңіне Шәкәрім қалыптастырған ой дүрбісінен қарап, жүрек айнасымен  сараласақ бүгінгі адамдар болмысын қалыптастыратын адами институттардың зерттейтін басты міндеттері ретінде төмегі пәлсафалық  тұжырымдарды пайымдар едік: табиғат – менің анам, жаратылыс – менің  жолым, мәңгілік – менің патшалығым, тіршілікке құмарлық – менің өмірім,  санам – менің қарызым, шындық – менің табынарым, махаббат – менің  қағидам, сүлбем – менің көрінісім, арым – менің көсемім, әлем – менің  тұрағым, тәжірибе – менің мектебім, қиындықтар – менің саябағым,  ауыртпалық – менің қорғаушым, куаныш – менің марапатым, сырқат – менің  ескертуім, еңбек – менің әулием, жарық – менің жарқындығым, досым – менің үзеңгілесім, жауым – менің тіктеушім, көршім – менің туысым, күрес – менің  аяулы мүмкіндігім, уақыт – менің міндеттеушім, тепе-теңдік – менің мінезім, бірқалыптылық – менің жолым, жетілдірілмек – менің мақсатым.

Рух зволюциясының көрігіндс шыңдалған және шыңдала беретіп осы бастамаларды Шәкәрім даналығымен ұштастыру жалпыұлттық міндет, қажеттілік. Неғұрлым ерте, неғұрлым терең, неғұрлым ерікті жетіссек, соғұрлым бақыттымыз деп ұққан абзал.

Профессор Н.Мырзаханов.

ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Ж.Баласағұн. Құтты білік. – Алматы. Жазушы, 1986.

2. Г.Бельгер. Гармония духа – М., Русская книга, 2003.

3. Зейнолла Сәнік. Дала Жібек жолы. – Жалын, 2005. – №7.

4. И.Исаұлы, Қ.Жолдыбайүлы. Ислам ғылымхалы. – Алматы, 2003.

5. Ш.Құдайбердиев. Шығармалары. – Алматы. Жазушы, 1988.

6. Н.Мырзаханов. Өзіңді таны. – Қарағанды. Санат, 2006.

7. Н. Мырзаханов. Экологиялық эссе. – Қарағанды. Санат, 2006.

8. Н.Мырзаханов, Р.Досыбаева. Экология: менталитет және тәрбие. – Қарағанды. Санат, 2007.

9. О.Тілеуғабылұлы. Шипагерлік баян. – Алматы. Жалын, 1996.

10. Ж.Д.Тьярд. Феномен человека. – М., Иностранная литература, 1998.