Газетіміздің өткен сандарында (09.12.04ж., 03.03.05ж., 26.05.05ж., 04.06.05ж., 14.07.05ж., 06.08.05ж., 08.09.05ж., 10.11.05ж., 15.11.05ж.) біз экологиялық имандылық жайында сөз қозғаған едік. Түсінікті болу үшін экологиялық имандылық ұғымын құрайтын арналарды толық бере кетуді жөн көрдім. Олар – инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық (қанағаттылық), даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық жәнс қайраттылық. Бәрінің бас әріптерін қосқанда имандылық деген сөз түзіліеді.

Бүгінгі сүхбатымыз кайраттылық жайында өрбімек. Қайраттылық – табиғаттың жаңғыру заңдылығы мен экономикалық, демографиялық және саяси ахуалдардың арасындағы көбінекей ұштаспайтын, үйлеспейтін қарама- қайшылықтарды шешуде ғылым, ата-баба тәжірибесінің ең тиімді жолдарын енгізуде азаматтық төзімділік көрсету.

Қолданбалық тұрғыдан өмір сүрудің қауіпсіз жолдарын айқындайтын талаптарға адамдардың тіршілік ортасының толыққанды болуын қалыптастыру жатады. Бұл ұғым негізінен басты-басты төрт ортаның кауышуымен жүзеге асады. Атап айтқанда оларға экологиялық көрсеткіштері жағынан таза табиғи орта, инфракұрылымы, өнеркәсіптік сферасы мен халықтардың қоныстануы жағынан теңестірілген көрсеткіштері бар құндылық – заттық орта, өмірге қажетті игіліктердің минималдық деңгейі жасақталған, еңбекпен қамтамасыз ету тағы да басқа қажеттерді өтеудің компенсациялық тетіктері қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық орта және параметрлері жан-жақты үйлестірілген психологиялық орталар жатады. Әлемдік қауымдастықтың жүйелері мен даму перспективаларының әркелкілігі бұл талаптарды қанағаттандыруда үлкен қиындықтар туындататындығы ақиқат. Қоғамның қазіргі замандағы даму концепциялары адамзаттың сұранысы мен табиғат ығылымының даму процесстерінің ұштасуын талап етеді. Осы экологиялық логиканың бірегейлігі, міндеттілігі және жалпыға ортақтығы, табиғатты, олай болса адамзаттың өзін-өзі қорғау принциптерінің бүкіл адамзаттық ережелерін қалыптастыруды талап етеді.

1.Табиғатты қорғау принциптері табиғатпен күреспей, оның даму ығылымына икемделу немесе жол беруге негізделуі шарт. Табғатқа қарсы тұру мүмкін емес. Өйткені бір рет жойылған тіршілік иелері немесе экологиялық жүйенің қалпына келмейтіндігі дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Мұны Оралхан Бөкесв «Мықты екендігіңді білейін, құлаған теректі тірілтіп көрші» деген даналықпен оқырмандар санасына ұялатқан.

2.Әлемде халық санының өсу дүбірі мен табиғатты қорғау арасында үйлеспейтін қайшылықтар өрби беретіндіктен, жанұяны дамыту және қорғау принциптерін қалыптастыру қажет.

3.Қанағатсыз дамуға бағытталған экономикалық жүйе мен табиғатты қорғау мүдделері арасындағы қайшылықтарды табиғат гармониясының пайдасына шешу.

4.Жануарлар мен өсімдіктер әлемі және адамзат үшін табиғат игіліктерін тек қана адамдардың жақын және алыс сұраныстарына пайдаланудың қауіпті және қасіретті екендігін пайымдау. Табиғаттың құрамды бөліктерінің үйлесімділігінің тіршіліктің алғышарты екендігін мойындау.

5.Қоршаған ортаның (табиғаттың) сұлулығы мен көп түрлілігіне, жекелеген адамдар мен жалпы қоғамның мүшелері өз жеке меншігіндей ыстық сезіммен қарайтын көзқарас қалыптастыру.

Демек, жоғарғы ережелердің талаптарын қанаттандыру үлкен алғырлық пен қайратты талап ететіндігі күмән тудырмайды және оның тура да иманды жолы ұлттар мен ұлыстардың ұзақ көшінің өн-бойына қалыптасқан экологиялық мәдениет үлгілерін игеруге тіреледі.

«Тіршілік өзегіне найзамызды қадамайық!».

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.).

          Ағайын!

Профессор Н.Мырзаханов.