Газетіміздің өткен санында (19 қараша, 2004ж.) біз экологиялық имандылық жайында ой қозғаған едік. Бүгінгі күнде газеттің әр саны қолға түспейтінін ескеріп, мақала түсінікті болу үшін экологиялық имандылық үғымына берілген жіктеулерімізді толық бере кетуді дұрыс көрдім. Ол арналар: инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық, даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеу, ықыластылық, қайраттылық.

Бұл сұхбаттағы әңгімеміз инабаттылық жайында болмақ. Инабаттылық тек қана кішірейіп, иіліп тұру емес. Ол өзіңді де, өзгені де төмендетпей шынайы қарым-катынас түзу – адамдар арасында, қоғамдық, жалпы биосферада т. т. Осы тұрғыдан қарағанда инабатшылық пәлсафалық ойлаудың сапалық белгісі. Жалпы табиғат о баста инабаттылық негізінде (біздің пайымдауымызша), мыңдаған жылдар шыңдалған ғажайып модель. Әлбетте қазіргі көптеген экологиялық қайшылықтар осы модельді бұзушылықтың әсерінен болып отыр. Бүкіләлемдік табиғатты қорғау одағының ұйғарымы бойынша табиғатқа қарсы тұрмау, табиғат ыңғайымеп әрекет ету адамзат болашағының бір шарты ретінде қаралады. Инабатшылық табиғаттың құрамды бөліктерінің бір-біріне өте тәуелді екендігін, онсыз бәріміздің де күшіміздің қараң екендігін көрсететін айқындаушы қағида. Біздіңше айтқанда, адамдардың пендешілігінің асқындауында. Мен жаратылыстың шыңымын деген жалған ұғымының қалыптасуында. Шындығында, мәселе басқаша. Адамзаттың білетінінен білмейтіні. қолынан келетітінен келмейтіні көп екені мәлім. Айталық, көптеген саладағы мәліметміздің көптігіне қарамастан, мысалы топырақтың құрамы, біз қолдан топырақ жасай алмаймыз. Бұл табиғаттың ғана, бүкіләлемдік инабаттылықтың үлесіне ғана тән кұдірет, құбылыс. Осы тұрғыдан алып қарағанда экологиялық инабаттылық судың, ауаның, топырақтың тазалығын қадағалауда болмауы тиіс. Онымен шұғылданатын арнайы ғылым салалары баршылық. Мәселе адамның іс-әрекетін, тұрмыс – қарекетін межелейтін пәлсафа қалыптастыруда. Ал инабаттылық болса, соның басты сапалық белгісі болып табылады. Тегінде, еш нәрсе жоқтан пайда болмайтынын ескерсек, мұндай мәдениет болған, оны жетілдіріп отыратын этикалық нормалар да белгілі. Ол өзімізгс аян номадтар немесе көшпеділер мәдениеті. Бір ғана мал өрісін табиғат ығылымына үйлестіру жайын алайықшы. Мал саны мен жайылым – өріс айналымын ұйымдастырып, оны жыл мезгілдеріне сай тасқа таңба басқандай етіп негіздеу – көктеу, көк жайлау, ой жайлау, төр жайлау, күзеу, ықтырма, қыстау деп айқындаған. Егер, (1917 жылға дейін) қазақ еліндегі мал саны 67 миллионға таяу болғандығын ескерсек (оныц ішінде қой саны 40 миллион), бұл шаралардың шынайы инабаттылық негзіне таң қалмасқа ылажың қалмайды. Кезінде осы мәдениетті өрбіткен елдің халқын тұрпайы, ал табиғи нанымын (бұл арада тұрмыстық аксиомасын) жоққа шығарғанымыз қандай экологиялық жайсыздықтарға соқтырғаны баршаға мәлім. Мәселе экологияны пән ретіндс (Еуропалық жүйеде) оқытуда емес. Мәселе табиғатқа деген жалпыұлттық, жалпыадамзаттық сананы жаңғыртуда. Бұл әрине жанжақтылықты қажет етеді. Меніңше, белгілі бір экологиялық кеңістікте орналасқан елдің өзіне тән тұрмыс-тіршілігі болған абзал. Ол Еуропалық бола ма, әлде номадизмі қайта жаңғырған бірегей қоғам бола ма? Ойлау керек, ойлану керек! Мені кейде номадтар үғымы «Ноmо» ұғымынан өріс алмады ма екен деген одағай ой толғандырады. Олай болса ол Адам, Адамзат мәдениеті деген шығанға сүйрейді. Яғни, көшпелілср мәдениетінің әлемі, табиғи-әлеуметтік байлықтың бір пұшпағы екендігін мойындатады.

Сонымен қорыта айтқанда, экологиялық имандылықтың ірі шарттарының бірі – инабаттылық, табиғат тылсымын түзугс қатысатын бірлестіктер меп жекешіліктер арасындағы жарастық, қой үстіне бозторғай жұмыртқалауының негізі. Ал оны түсіну мен түйсіну адамзаттың басты жетістігі болмақ. Әринс оның қалыптасуы экономикалық, әлеуметтік, пәлсафалық деңгейіміздің табиғи ортамызға, ғасырлар салауатына сай болса, құба-құп болмақ. Тегінде бай, болашағы жарқын ел деп өте урбанизацияланған елдер емес, экологиялық инабатшылығы қуатты елдерді айтса болар.