Газетіміздің өткен сандарында (09.12.04ж., 03.03.05ж., 26.05.05ж.) біз экологиялық имандылық жайында сөз қозғаған едік. Түсінікті болу үшін экологиялық имандылық ұғымын құрайтын арналарды толық бере кетуді жөн көрдім. Олар – инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық (қанағаттылық), даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық және қайраттылық. Бәрінің бас әріптерін қосканда имандылық деген сөз түзіледі.

Бұл сұхбаттағы әңгімеміз адалдық жайында болмақ. Адалдық табиғат үйлесіміндегі (гармония) қатынастардың шынайылығы мен табиғилығын айқындайтын категория. Адалдық – абсолютті әділеттіліктің алғышарты. Адалдық кез-келген болмыстың болашаққа деген перспективасын айкындайтын өлшем. Ақиқатсыз дүние қисынсыз. Белгілі себептермен ақиқатты «алдап» өтем дегеп әурешілік кешірілмес меһнаттың, бейшаралық, бейсопылықтың жан күйдірер азабы болмақ. Жалпы, табиғаттың дамуы жаңғыруға, жаңаруға негізделген. Жаңғыру болғанда қандай (!); жан-жақтылы есею (араморфоз) және көркемдену (фупкционалдық араморфоз) жаңғырудың негізінде өрбиді. Жаңғыру негізінде жатқан заңдылықтар – мәңгілік ақиқат ережелерінің өлшемімен жазылған код. Оны табиғаттың миллиондаған жылдар бойы өткен «өмір мектептерінің» түйінді аксиомасы десе де болады. Ал аксиома дәлелдеуді қажет етпейтін шындық екендігі баршаға аян. Бұл жолдағы «жетістіктер» өмір көшінің алгоритмдерінің тұйыққа тірелуіне алып келуі ықтимал. Ақиқатқа адалдық – мәңгілік сапалы жаңғырудың арашасы іспетті категория. Тарихи болмыс осыны әр сәт дәлелдесе де, фәнишіл адамзат алдасам ба деп үміттенеді. Мұндай мұнарлы үміт қазіргі адамзат көшінің көп жағдайда тығырыққа тірелгеңдігін көрсетін отыр. Астам ойдың айықпас олқылықтарға душар ететіндігін аңғарғандаймыз. Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау – өз болмысың алдында  адами тіршіліктің қазығы (адам болу категориясынан алшақ) деген теріс пікірді түсіну абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар шындығы дәлелдеген. Адамзаттың әр замандардағы ойлау және өркениет жүйелері белгілі бір культурологиялық таным қалыптастыруға ықпал жасаған. Атап айтқанда, оларға қадым заманға (антик) тән мифологиялық мәдениет, кадым заманнан соң космологиялық мәдениет, біздің қазіргі культурологиялық танымымыздың бастауы – аптропологиялық мәдениет және біз бастан кешіріп отырған технологиялық мәдениеттерді қарастыруға болады. Алдыңғы екі замандағы культурологиялық таным дәуірлеріндс адам мен табиғат арасындағы үйлесімнің гармониясы таңғажайып, мамыражай болған. Сондықтан да ол халықтар санасында «қой үстіне бозторғай жұмытқалаған» заман ретіндс есте сақталған. Ал соңғы дәуірлердегі антропологиялық, әсіресе технологиялық таным тұсындағы мәдениет санамызға жат, табиғатқа «антропологиялық қысым» (антропос – адам) деген түсінікті қалыптастырып үлгерді. Тіпті бұл үрдістің етек алуының соншама ауқымды және аяусыз жүріп жатқандығы «саналы адамдардың әрекетінің саналылығына» (Дж. Свифт) күдік тудырып, жалпы әлемдік індетке айналып бара жатқандығы қорқыныш тудырады. Айтылған мәселенің түпкі адасушылық негізі адамдардың өз мүмкіндігін ғылым меп мәдениеттен тыс (ақиқат пеп адалдықтан тыс) асыра бағалап, «не кұдай, не бұлай емеспін» деген жансебілдіккс баруынан бастау алатыны ақиқат. Алайда экологиялық орта біз үшін жайлау (ойкүмена, грекше) ғана емес, бізді жаратқан ие екендігін, біздің қаншама білімді болсақ та, сол ортаның, әрі кетсе, ксерокопиясы екендігін ұмытпаған жөн.

Адал болайық, ағайын!