Газетіміздің өткен сандарында біз экологиялық имандылық жайында сөз қозғаған едік. Түсінікті болу үшін экологиялық имандылық ұғымын құрайтын арналарды толық бере кетуді жөн көрдім. Олар – инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық (қанағаттылық), даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық жәнс қайраттылық. Бәрінің бас әріптерін қосқанда имандылық деген сөз түзіліеді.

Бұл сұхбаттағы әңгімеміз нысаптылық жайында болмақ. Нысантылық – табиғат қорына, кенішіне мұсылманшылықпен қарап, канағаттылықпен игеру. Нысаптылық жұмыр жер мен көктің игілігін көздегсн, көксеген көкейкесті халық тілегі, белгісіз замандардан желі тартқан рухани мұрағаты. Олай болса, табиғат адамзаттың дүниетану мұраттарының сарқылмас қайнары. Адамзат әрекеті айқындалатын басты меже олардың жаратылыс әлемін игеру парызын қалай түсініп, қалай сезінетіндігіне, табиғат игілігін пайдалануда қаншалықты жарастық, парасаттылық жәнс сабақтастық таба білуінс тікелей байланысты. Сонау Пифагор заманынан адамзат қоғамыныц бақыты мен соры жер бетіддегі құбылыс атаулының жарасымдылығына байланысты екендігі пайымдалған. Үндестік, үйлесім табиғат бірлестіктерінің жарасымдылығын (гармониясын) айқындайтын эстетикалық ұғым ретінле қалыптасқан. Бұған мысал ретінде адамзат дәуірінің һәм балалық, һәм даналық кезеңдері – мифологиялық және космологиялық мәдсниетті айтуымызға болады. Аталмыш дәуірлерді адамзат қауымы дүние болмысының бүтіндей, жан-жақты, әмбебап сәйкестігін табиғат пен адам қатынасының кездейсоқ көрінісінен емес, олардың әбден бауыр басып, біте қайнасқан бірегей бірлестігінен туатын нағыз жарастық деп ұғынған және оның хақтық, ақиқаттық сипатына кәміл сенген. Табиғат пен адам арасындағы осы жарасымды қатынастарды қалыптастырудың бастамасы қанағат (нысаптылық) пен еңбек арқылы жүзеге асатындығына құлшылық еткен. Абай айтпақшы: «… Өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау еңбек қылсаң қара жер де береді (төртінші сөз) деген ақиқатқа жүгінгеп (қайраттылықтың қыры-сыры туралы болашақ сұхбаттарымызда толық тоқталамыз). Алайда бұл жерде еңбек үғымы жеке адамның өзегінің сауғасы емес, әлемдік үйлесім хақында айтылатынын пайымдаған жөн. Әлбетте қанағат межесі ұят екендігі (ішкі және сыртқы) әлімсақтан белгілі. Жалпы парасатты тіршілік иелерінің бойына өздерінің жетімсіз жақтарын сезіну қабілеті туа біткен, сондықтан да табиғат бізге ұятты, яғни осы кем-кетіктеріміз үшін ұялу сезімін берген. Мұның өзі ұяттың нысаптылықты қалыптастырудың іргетасы болғандығын айқындайтып категория екендігі ақиқат. Ұят кейде заңдар шектемеген нәрсені шектейді. Әлбетте, ұялу жақсы сезім бола тұра, оның ояну генезінің бастамасы басқалардың ықпалы арқылы емес, өінің жетісуі, яғни өзіңнен-өзің ұялу парасатының жемісі болғаны абзал. Осы тұрғыдан алып қарағанда адамзат қоғамының кемелдену дәрежесін олардың табиғатпен арақатынасындағы әрекеттерінің неден ұялып, неден ұялмайтындығынан артық ештеңе де дүрыс көрсетпейді. Демек, адам мен табиғат арасындағы гармониялық қатынастарды парасатты түрдс бағаламау қатыгездіккс немесе есерлікке бастайтын баспалдақтар екендігін пайымдау қажет. Ал оның алғышарты нысашылық пен жасампаз еңбек екенін мойындау парыз. Әлбетте өзіміз өмір сүріп отырған XXI ғасырда көрініс тауып отырған қорқынышты нәтижелер, атап айтқанда: адамзаттың табиғатқа деген қысасының ауқымының өрескел кеңеюі, ұдайылығы мен қайта қалыптасу үрдісінің жойылуы немесе төмендеуі, табиғат байлығының шексіз еместігі болашақ ұрпақтардың экологиялық менталитетінің (пәлсафасының) парасаттандырылуын қажет етеді. Мәселе жалаң үндеу жарнялауда емес, адамзатқа о бастан тән, генеологиялық тамыры бар нысаптылық үрдістеріне оралу. Білім мен ғылым жетістіктеріне (ғылыми-техникалық революцияға) көзсіз берілмей, оны табиғи ортаның табиғи жарасымдылығымен ұштастыруда, табиғат пен өзінді тану ғылымдарының жетістіктерін парасаттандыру арқылы әлемдік гармония ережелерінің шеңберінен шығып кетпейтін дәрежеге көтерілу парыз.