Газетіміздің өткен сандарында (09.12.04ж., 03.03.05ж., 26.05.05ж., 04.06.05ж., 14.07.05ж.) біз экологиялық имандылык жайында сөз қозғаған едік. Түсінікті болу үшін экологиялық имандылық ұғымын құрайтын арналарды толық бере кетуді жөн көрдім. Олар – инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық (қанағаттылық), даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық жәнс қайраттылық. Бәрінің бас әріптерін қосқанда имандылық деген сөз түзіліеді.
Бұл сұхбаттағы әңгімеміз даналық (білімділік) жайында өрбімек. Даналық яки білімділік табиғат сырын, оның тылсымын ғылыми түрде игеру, табиғатты үйретпеу, оның ыңғайына жығылу. Қазіргі заман цивилизациясының дамуы адамдарды міддетті түрдс ойлауға үйретеді. Мұны біз табиғаттың адамдар қатыгездігіне байланысты кері әсері деп ұқсақ та болады. Ойламаған, ойланбаған адмдар әрекеті бүкіл әлемдік цивилизацияны құрдымға жіберу каупіне алып келетіндігі күннен күнге айқындалып келе жатқан ақиқат. Мұның өзі ғылымның адамдарды шындыққа тәрбиелейтіндігінің куәсі. Себебі, табиғатты алдау мүмкін емес. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық» деген Абай ақиқатын мойындау абзал.
Қазіргі заманда ғылым мақсаттық (жеке бастық) сұраныстан қажеттілікке, жарасымдылық жолындағы күрес үшін қаруға айналған заман. Бұл тұрғыда ойлап-толғану, экологиялық ғылыми жүйенің жай ғана ғылым емес, көркемдік, үйлесімдік, сұлулық категорияларымен ұштасатын ғылым болуы шарт және бізге ар ғылымы – ғылыми поэзия қажет. Демек, ғылыми таным көркемдік таныммен ұштасуы қажет. Әлбетте бұл адам деген асқаралы үғымның болмысы мен сұранысын қанағаттандыратын жол деп ұққан жөн. Мұның өзі адам мен әлем (табиғат) қатынастарының жарасымдылықтан басқа жолының жоқтығынан болса керек. Абай өзінің Сократқа қарап айтылған 28-қара сөзінде «бұл ғаламды көрдім, өлшеуіне ақылым жетпейді… және қалай лайықты жарастықты зәкүнімен жаратылып, оның ешбір бұзылмайтынын көресің. Бұлардың бәріне ғажайып қаласың … есебіне, өлшеуіне ой жетпейтүғын дүние әрбір біртүрлі керекке бола жаратылып, және бір-біріне себеппен байланыстырылып, пенденің ақылына өлшеу бермейтұғын мықты көркем законға қаратылып, жаратылады» – дейді. Демек ғалам ғажайыптарының жұмбақ-сырларын, заңдылығын, сезім байлығын, сұлулығын игеру жолында адамзат әулетінің, ғылыми ақикатқа ұмтылысы үдей беретіні даусыз. Сонымеп қатар қазіргі заман терең білімді болу ғана заманы емес, сонымен қатар күрделі ойлау заманы екенін ескеру қажет. Әсіресе адам мен табиғат арақатынасы тұрғысында. Осы арада Фрэнсис Бэконның: «поэзияда – тапқырлық, математикада – ойлылық, жаратылыс ғылымында – тереңдік, философияда – пайымдылық, логика мен шешендікте – айтыса білушілік қажет» деген қағидасының өміршеңдігіне бас игеніміз абзал. Қоғамымызда көрініс бере бастаған пайдалы мен зияндыны оқымай-ақ ажыратудан дәмелі адамдар тобырының көбеюі қатты қорқыныш тудырады. Ең сорақысы – мұндай козқарастың адамзат цивилизациясының қазіргі дәуірінде етек алуы көзсіз ақылсыздық және өлшеусіз зиян әкеледі. Дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Керісінше ғылыми (логикалық) мен көркемдік (образдылық) таным ұштасқан тұста экологиялық болмысты құрайтын құбылыстардың өз мәнімен табысуына ықпал ету арқылы адам санасында мейлінше біртұтас, сапалы да мағыналы сезім әсерімен байытылған ғылыми ізденістер тәжірибесінің көрінісін қалыптастыру арқылы адам рухы жарасымдылық әлеміне көтеріледі, танитын адамды танылатын дүние болмысына тәнті еііп, толассыз тіршілік диалектикасын бауырластыруға жетелейді. Мұның өзі Әлем, Ғалам, Ғарыш, Жұмыр Жер, Ел (Адамзат) тағдыры деген ұғымдардың даму және тану тарихын құрайды, жаратылыс жайлы ұғым білімді қорландырып, жаңа белестерге жол ашады.