Газетіміздің өткен сандарында (09.12.04ж., 03.03.05ж., 26.05.05ж., 04.06.05ж., 14.07.05ж., 06.08.05ж., 08.09.05ж.) біз экологиялық имандылық жайында сөз қозғаған едік. Түсінікті болу үшін экологиялық имандылық ұғымын құрайтын арналарды толық бере кетуді жөн көрдім. Олар – инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық (қанағаттылық), даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық жәнс қайраттылық. Бәрінің бас әріптерін қосқанда имандылық деген сөз түзіліеді.

Бұл сұхбаттағы әңгіме лепірмеушілік жайында өрбімек. Лепірмеу. Табиғат қазіргі ғылыми-техникалық өрлеу кезінде көп зәбір шегуде, сондықтан адам әрекетіндегі зерделі ақылдан гөрі «айттым-бітті» сияқты лепірмеушілікке жол бермеу. Әлімсақтан белгілі – өзімшілдік тірі пенденің орасан зор кемшілігі. Көбінекей өзімшілдік негізіндс білімсіздік жатады. «Адамдар неғұрлым аз білгсн сайын, олардың білімі өздеріне соғұрлым аумақты болып көрінеді», – дейді Жан-Жак Руссо.

Табиғаттану ғылымының қазіргі деңгейі, биосфераны құрайтын бірліктердің мазмұны тек қана оттың массасы мен энергиясына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның ақпараттық мәні де бар деп қарастырады. Олай болса, биосфера бірліктерінің, оның ішінде табиғат пен адамзат арасындағы қатынастар тек заттық алмасумен шектелмей, оның ақпараттық үйлесімдіктерді қажет ететіндігін пайымдау шарт. Демек, бұл биосфералық құбылыстардың ноосфералық (сапалық) тұғырының да маңызыныц зор екендігін көрсетеді және табиғат пен адамзат жарасымдылығы рухтық байланыста болатындығын айқындайды. Әлбетте адамдардың табиғатқа деген көзқарасы мен ұстанымы осы әлемдік қатынастардың рухтық нұрының ақпараттық ықпалынан білмей немесе білгісі келмей, шет қалса, міндетті түрдс есерлікке, лепірушілікке бой ұрады. Ол тек өзі ғана, өзінің игілігін ғана ойлайтын болады. Мұндай жағдаят болашақ экологиялық дағдарыстарға ғана емес, жалпы тіршіліктің даму перспективасын ізгіліктендіруге кесірін тигізеді. Демек, «не құдай емеспін, не былай емеспін» деген лепірушілікті аластаудың бірден-бір айқын жолы биосфера мен сферасының кауьшуына ғылыми негізде қол жеткізу больш табылады.