Газетіміздің өткен сандарында (09.12.04ж., 03.03.05ж., 26.05.05ж., 04.06.05ж., 14.07.05ж., 06.08.05ж., 08.09.05ж., 11.10.05ж.) біз экологиялық имандылық жайында сөз қозғаған едік. Түсінікті болу үшін экологиялық имандылық ұғымын құрайтын арналарды толық бере кетуді жөн көрдім. Олар – инабаттылық, мәдениеттілік, адалдық, нысаптылық (қанағаттылық), даналық (білімділік), ынтызарлық, лепірмеушілік, ықыластылық жәнс қайраттылық. Бәрінің бас әріптерін қосқанда имандылық деген сөз түзіліеді.

Бүгінгі сандағы сұхбатымыз ықыластылық арнасы туралы өрбімек. Ықыластылық: Табиғат тіршілігі бүгінде бір ұлт, бір ел емес, бүкіл адамзат қауымынң экологиялық зердесін үйлестіруді қажет ететінін мойындау, соған ықыластану. Табиғат пен адамзат арасындагы жарасымдық этикасының бүгінгі таңдағы даму бағыты бөле-жарудан гөрі қауымдасу үрдісіне бой ұруға итермелейді. Мұның өзі ұлт пен ұлыс, мемлекеттер көп болғанмен ғаламштардың ортақ екендігінің көрінісі болып табылады. Демек, адамзат қауымдастығындағы саяси-әлеуметтік, ғылыми-экономикалық бағыттардағы әрекеттердің ішкі негізінде жалпыәлемдік, жалпыадамзаттық ұйысу қағидаларының жатуының мойындалуы қажет. Әлбетте бұл ұстаным үлкенді- кішілі экологиялық әсерлердің зиянды жақтарының жалпы адамзат пен табиғатқа тигізетін арасалмағын оңтайландыруға ықпал ететін ақиқат. Демек, халқымыздың «бірлік бар жерде тірлік бар» деген тұжырымы әлемдік мәні бар қағида. Ол айқын дәлелденген шара және табиғатқа деген жалпыұлттық, жалпыадамзаттық сана қалыптастырудың негізі болып табылады. Бүгінгі таңда экологиялық принциптерге негізделгеп экологиялық үрдістер қалыптастырудың ғылыми жіктелімі дәйектелмеген. Алайда басты экологиялық, этикалық үрдістерге оның биологиялық, ақпараттық-байланыстық, инженерлік, ономастикалық, экономикалық және демографиялық түрлерін жатқызуға болады. Бұл этикалық үрдістер жер бетіндегі барлық халықтардың дәстүрлері экологиялық мәдениетіне негізделген, ұрпақтан ұрпаққа ауысып отыратын және олардың саналы сұраныстарын табиғат үйлесімімен жарастыруға негізделген қағидалардан арқау алады. Демек, бұл үрдістер болашақ ұрпақтарды адамзат көшініц өн бойында табиғаттан өз орнын табуға ықыластылықпен қарауға тәрбиелейді және оның табиғи құбылыстар ағымына белсенді әрекетінің ауқымын шектейді.