Тілші: Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жаңалықтарды жатсынбайтын оқу ордаларының бірі. Соның бір дәлелі, мұнда бұрын болмаған «Бейімделу физиологиясы» лабораториясының құрылуы. Оған биология және география факультетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы, Прездиент стипендиясының иегері Нұркен Мырзаханұлы басшылық жасап келеді. Белгілі ғалыммен сұхбатымызды осы ұжымның бағыт-бағдарын бағалауды мақсат еттік.
Әркімнің өзінше пайымдауы заңдылық. Дегенмен де ғылым туралы, әсіресе жаңа замандағы, еліміздің дербес мемлекет, дербес ой-сана дәуіріндегі ғылым қандай болуы қажет деген мәселені ортаға сала кетсеңіз.
Респондент: қазіргі заман ғылымдар туралы ғылым атты саланың пайда болуының куәсі болып отыр. Мұны ғылыми саласы десе де болады. Заманымыздың даму үрдістері бізге ғылыми ізденістеріміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды ескере келе, ұлттық мәдениетке негізделуі шартты түрде қажет екендігін мойындатып отыр. Белгілі бір ұлттың мүддесін қанағаттандыру арқылы әрбір ұлт әлемдік ғылым маржандарына өз үлесін қосады, өз жұртын таныстырады. Басқа ұлттар құндылығына өзгеше бір жаңалық әкелу арқылы сіңеді, сөйтіп барып жалпыадамзаттық ғылыми қазына деген болмыстың пұшпағына ғана жармаспай, сол қазынаның жасаушысына да айналады. Бұл қағида жалпы ғылым ғана емес, ұлттың даму үрдістерінің барлық саласына ортақ болуы объективті шарт. Онсыз даму деген ұғымның мағынасы жалағаштанып, мәйексіз, сөлсіз бос жарнамаға айналатыны ақиқат.
Тілші: Ғылым немесе ғылыми үрдіс дамужың алғышарты болуының себебі неде деп ойлайсыз?
Респондент: Ғылыми даму табиғи, ешбір кездейсоқтыққа ұрынбай дамудың кепілі. Өйткені ғылыми даму өміріміздің, биосфераның табиғи даму үрдістерінің заңдылықтарының аясында атқарылады. Олай болса, қазіргі заман қоғамдарының ахуалы тек қана қазына-байлвқтарға ғана байланысмты емес, әсіресе, бай және одан да бай болатын қоғамдардың мүшелерінің салиқалы білімі мен ғылымына байланысты екендігі бәріне түсінікті және қажеттілік екені ақиқат болуы лазым.
Тілші: Ғылым туралы тағлымдар көп. Соның ішінде қандай салиқалы ойларды еске алар едіңіз?
Респондент: Мысалға, Абай өзінің қара сөздерінде: «Ғылымды туғап апаңдай сүй. Сонда ғылым да саған бетіп бұрады, түсініктірек болады» десе, жастарға орай: «адам болу, өз халқыңа пайда келтіру үшін оқы. Білім – ешқашан сарқылмайтын қазына» – деп жазады. Ал неміс ойшылы, ақын Иоганн Вольфганг фон Гете: «Табиғат әрқашанда шынайы: қателесу мен адасу адамдардан ғана шығады»- деп мүңаяды. Өзіңді, табиғатты түсіну ғылыми көзқарасты қандай қажет етсе, оның нәтижесі адамдардың ішкі сұлулығы мен әрекеттің үйлесімін қамтамасыз ететіні даусыз. Неміс философы Иммануил Кант: «… менің рухымда мәңгі жаңа және ылғи да өскелең таңданыспен қуанышқа кенелетін екі зат бар: төбемдегі жұлдызды аспан мен менің ішімдегі имандылық» – деп жазады. Олай болса ғылым пенделіктен азаматтыққа көтерілудің шынайы баспалдағы екендігін мойындау парыз.
Тілші: Енді өзіңіз басқарып отырған, құрылғанына көп уақыт болмаған «Бейімделу физиологиясы» ғылыми-зерттеу лабораториясының жумысына көшсек?
Респондент: Лаборатория университет ректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, акадсмик Е.Көбеевтің тікелсй қолдауымен, қазіргі заманымызға сай мамандар даярлау үшін жасақталған. Лабораторияның басты міддеті дарынды студенттер, магистранттар, аспиранттар және докторанттар санатына жан-жақты дайындалып, әлемдік стандарттардың талабына сай ғылыми және педагог мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі уақытта лабораторияда магистрант Р.Мусин, аспирант А.Сиптюрин, ғылыми ізденушілер Н.Дүзбаев пен М.Норцева, инженер-зерттеушілер Г.Саспугаева мен С.Ақмұқанова, білікті инженер А.Пудов және аға лаборант Ш.Ақылбекова ғылыми зерттеулермен шұғылдануда.
Тілші: Лабораторияның негізгі ғылыми багыттары туралы айта кетсеңіз?
Респондент: Лаборатория қоршаған ортадағы ластауыш заттардың жануарлар ағзасына әсері және оны азайту жолдарын зерттеумен шұғылданып келеді. Атап айтқанда зерттеушілер Р.Бейсенова зымыран жанармайы (гептил – симметриялы емес диметилгидразин) қалдықтарының әсерін зерттесе, О.Коваленко – сынаптың, ал В.Абукенова топырақтың химиялық көрсеткіштерінің жануарлар мен жауын құрттарының биологиясына әсерін жан-жақты анықтаумен шұғылданады. Олар өз ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесін кандидаттық диссертация ретінде жазып, сәтті қорғауға дайындалу үстінде. Осы аталған зерттеулер «Орталық Қазақстанның экологиялық жағдайын мониторлаудың кейбір жолдары» атты монографияға негіз. Биыл лабораторияға жас талапкерлер қабылданып, ғылыми жұмыстар бағдарламасьша өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, адам ағзасының иммунологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ететін физиологиялық жүйе – лимфа жүйесінің негізгі функционалдық қасиеттерінің (жиырылуының) онто- және филогенезде қалыптасуы, оған иммундық жүйені күшейтетін дәрі-дәрмектердің ықпалын анықтау, және ішкі органдардың минералдық, органикалық құрамдарындағы өзгерістерін зерттеу бағытындағы зерттеулер жүргізілуде. Сонымеп қатар байырғы зерттеу жобалары, яғни қоршаған ортаны ластауыштардың интегралдық әсерін айқыидайтын биологиялық мониторинг тәсілдерін жетілдіру бағыттары одан әрі қарай өз жалғастығын таппақ. Бұған дәлел ретінде лабораторатория ұжымының Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрліінің 2005 жылға ұсынған 3,5 миллион теңгелік ғылыми грантын келтіруге болады. Сәті түссе, қазіргі адамдардың қоректену менталитетінің проблемалары аясында ғылыми гранттар сайысына түсуге дайындалу үстіндеміз. Аталмыш бағыттағы зерттеулерді жалғастыру және дамыту үшін білімді, талапты жастарды шақырамыз және оларды аспиратура арқылы дайындауға мүмкіндіктер бар екендігіне құлағдар етеміз.
Тілші: Лаборатория жұмысын дамытуда салалы, қарышы зерттеулермен қатар қолданбалы бағыттағы жұмыстар бар ма және Университеттің ғылыми жетістіктерін дәріптеуге назар аударыла ма?
Респондент: Лаборатория ұжымының ұйымдасу мерзімі және онда қызмет ететін мамандардың жасы бойынша лабораторияны жаңа ғана қанат қағып келе жатқан ғылыми ұжым десе де болады. Соған қарамастан лаборатория ұжымы ізденіс үстінде. Атап айтқанда, Теміртау металлургия комбинатының өңдеу цехтарының суларын майдан тазарту, сапропельдің биологиялық, медицина және ауылшаруашылық өндірістерінде тиімділігін анықтау туралы ғылыми жобалар дайындалып, оларды грантқа ұсынуды қарастырудамыз. Сонымен қатар білім мен ғылым жетістіктерін мерзімдік баспасөз құралдарында да дәріптеуге үлес қосуға тырысамыз және оның болашақта жастарды ғылым мен білім жетістіктерін пайдалануға және өндіріске енгізуіне ыкпал ететіндігіне сенімдіміз.
Лаборатория ұжымы қызметінің табысты болуына биология мен география факультетінің деканы, биология ғылымдарының кандидаты, доцент А.Айтқұлов пен универеитеттің ғылым және шет елдермен ғылыми байланыс жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор М.Бөркеевтің, жалпы биология факультетінің ұстаздары мен қызметкерлерінің қамқорлығын ерекше атап өткен абзал.
Бір сөзбен айтқанда лабораторияда жасалып жатқан бірқатар игі жұмыстар баршылық. Енді олардың нәтижесін келешек көрсетер деген ойдамыз.
Әңгімеңізге көп рахмет!
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
ҚР мәдениет қайраткері, ҚР құрметті тілшісі,
«Алтын сұңқар» сыйлығының иегері
Сүйіндік Жанысбай.