Елордадағы Президенттік мәдениет орталығының кітапханасында биология ғымыньщ докторы, физиология саласындағы Президенттік стипендияның иегері Нұркен Мырзаханұлының жоғары оқу жүйесіне арналған ұлттық-патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Ғылыми және рухани тәрбиенің ұлттық негіздері, оны әлемдік мүдделермен ұштастыру күрделі мәселе. Автор өз еңбектерінде «өзге» саналатын қағидаларға қайшылықсыз қол жеткізудің тура да шынайы жолы ұлтымыздың менталитетін жан-жақты ескеріп, танымдық ұғымдардың мазмұнын өркениет жетістіктерімен байыта білуде екенін дәйектеді.

Қазақ тілінде тұңғыш рет жарық көріп отырған «Педагогикалық валеология негіздері» кітабында халқымыздың ғасырлар көшінде ескермей келе жаткан денсаулық жайлы құндылықтарын бүгінгі күннің ғылыми жетістіктерімен салыстыра баяндайды.

«Лимфа айналымы» монографиясы медициналык-биологиялық саланың ең күрделі мәселелеріне арналған.

Келесі «Лейкоциттер айналымы» деген еңбегінде адамдар мен жануарлардың иммундық жүйесінің негізін құрайтын ак қан түйіршіктерінің ағзадағы айналысы, оның маңызы мен ерекшеліктері зерделенген.

Ал «Жалпы физиология» атты еңбекте физиологиялық анықтамаларға ғылымның ішкі мазмұнынан туындайтын баламалар ұсынылған.

Президенттік мәдениет орталығының

қызметкері К.Жидекова.